Оқиға

Алматыда жүргізуші екі жасөспірімді қағып кетті

© Sputnik / СтрингерАлматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2022
Жазылу
13 және 14 жастағы балалар түрлі жарақатпен жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді
АЛМАТЫ, 4 маусым — Sputnik. Алматыда мопед мінген кәмелетке толмаған екі жөспірімді көлік қағып кетті.
Жол апаты Сүйінбай даңғылы мен Руставели көшесінің қиылысында болған.
SsangYong Korando көлігінде отырған қыз Сүйінбаймен келе жатқанын айтты. Ол Руставели көшесіне бұрылмақ болған. Аялдамада қоғамдық көлік тұрғандықтан, еш кедергі көрмеген. Алайда бұрығлған кезде көлік бүйірінен қатты соққы сезген.
Мұндайды күтпеген жүргізуші күрт бұрылып, тротуарға шығып, доңғалақ астында қалған мопедті тағы он метрге сүйреген. 13 және 14 жастағы жасөспірімдер отырған орнынан ұшып кеткендіктен, ауыр жарақат пен өлімнен аман қалған.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендерді тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсету үшін жақын жердегі ауруханаға жеткізді. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдердің миы шайқалып, кейбір дене мүшесі сынған.
Қазіргі уақытта полицейлер апаттың барлық себебін анықтаумен айналысуда. Сондай-ақ, олар кәмелетке толмағандардың мопедті қайдан алғанын және жолға қалай шыққанын анықтайды.
Жаңалықтар
0