https://sputnik.kz/20220603/zhergilikti-turgyndar-donbass-ushin-shayqas-turaly-aytty-25280042.html
Жергілікті тұрғындар Донбасс үшін шайқас туралы айтты
Жергілікті тұрғындар Донбасс үшін шайқас туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Луганск облысының шекарасында тұрған бұл қаланың Донбастағы украин әскерилерін қару-жарақпен қамтамасыз етуде маңызы зор болды. Қазір мұнда ресейлік әскер мен... 03.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-03T20:26+0500
2022-06-03T20:26+0500
2022-06-06T12:26+0500
украина
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/15/22956015_0:0:3179:1788_1920x0_80_0_0_8984e45febc54190de8a56da52e7dcca.jpg
Луганск облысының шекарасында тұрған бұл қаланың Донбастағы украин әскерилерін қару-жарақпен қамтамасыз етуде маңызы зор болды. Қазір мұнда ресейлік әскер мен Луганск Халық Республикасы армиясының жауынгерлері жайғасты. Қиян-кескі қақтығысқа қарамастан, барлық тұрғын эвакуацияланған жоқ. Попасная қаласының қазіргі тыныс-тіршілігі туралы РИА Новости жазды.Қаланың сырт бейнесі Мариупольді еске түсіреді: қираған көпқабатты тұрғын үйлер, талқаны шыққан жеке тұрғын үй секторы, шіркеу мұнарасында снарядтан қалған саңылау бар. Қақтығыс басталған кезде тұрғындардың барлығы дерлік кетіп қалды. Кейбір үйлерді украин әскерилері тойтарыс беру орындарына айналдырған.Үйдің айналасында оқ-дәрі шашылып жатыр, терезені кітаппен көлегейлеген. Үйдің ішінде әскери киім, арақтың бос бөтелкелері жатыр.Луганск Халық Республикасы әскерінің "Тюльпан" лақап атты жауынгері тұрғын үйді тексергенімен, ештеңеге қол тигізбеді."Украина Қарулы күштерінің әскері кететін кезде барлығын миналайды. Қашықтықтан жұмыс істейтін камера орнатады. Осылайша онлайн режимде біздің әскердің қозғалысын бақылап отыруға болады", - дейді ол."Тюльпан" сегіз жылдан бері соғысып жүр. Өзі Луганскта туған."Көп украин, әсіресе орталық пен батыстағылар бұл жақта ешқандай ымыра болмағанын түсінбейді, - дейді жауынгер. – Осы уақыттың бәрінде Попаснаядан Первомайск пен Стахановқа қарай оқ атылды".Мұнда қантөгіс қақтығыс болған. Украина Қарулы күштері биікте орналасқандықтан, бұл аумаққа шабуыл жасау күрделі болған. Оның үстіне, мұнда қажеттімен жабдықтау үшін маңызды рөл атқаратын теміржол станциясының торабы бар. Қалада атыс үні әлі де естіледі. Снаряд пен миналар әлі де жарылып жатыр. Күні кеше екі диверсанттың көзі жойылды. Республика әскерилерінің айтуынша, әдетте олар тұтқынға берілмейді, соңына дейін қарсылық көрсетуге тырысады."Жергілікті тұрғындар арасында да қарсы тарапқа ақпарат ұсынатындар кездеседі, - дейді "Тюльпан". – Негізінен бұл ақша тапқысы келетін жас жігіттер. Күйеулері қарсы тарапта соғысып жатқан әйеелдер де кездеседі. Бірақ олар бірен-саран. Негізінен халық Реей саясатын қолдап отыр".Ал Владимир Попаснаяға зейнетке шыққан соң көшіп келген. Ұзақ жыл бойы Қиыр Солтүстікте жұмыс істеп, жинаған қаражатына үй тұрғызған. Оның учаскесінің жанына украин әскерилері орналасты. Ал бір ай бұрын бұл аудан майдан шебіне айналды."Атыс тоқтаған жоқ, - дейді ол. – Гараж жертөлесінде тығылып отырмын. Басқа жаққа кетудің мәні жоқ".Владимир Украина Қарулы күштерінің сарбаздары жергілікті тұрғындармен тіпті әңгімелеспейтінін, тамақтарымен бөліспейтінін еске алды. Тек оқта-текте темекі ұсынған. Олар бос қалған үйлерді ашып, тұрмыстық техниканы, көлікті "армия қажетіне" деген сылтаумен алып кеткен."Халықтың тең жартысы сегіз жыл бұрын-ақ жағдайдың неге алып келетінін түсінді де, Ресейге кетіп қалды, - дейді Владимирдің Андрей есімі көршісі. – Арнайы қызмет өкілдері сол кезде үй-үйді аралап, туыстарының бірі Луганск Халық Республикасы жағында соғысқан-соғыспағанын сұрады. Әскери жасақтағы ұлымен телефон арқылы сөйлескені үшін бір азаматты үш жылға түрмеге жауып тастады. Оған әскердің қайда орналасқаны туралы ақпарат ұсынды деп жала жапты".Луганск Халық Республикасы әскерилері бүтін қалған үйлерді аралап, тұрғындардың тізімін жасақтады."Қолымыздан келгенше азық-түлік дәрі-дәрмекпен көмектесіп жатырмыз. Бір қиындық туындаса, маман шақырамыз немесе жақын маңдағы ауруханаға жеткіземіз", - дейді Дед лақапатты жауынгер.Күні кеше 99 жастағы әже табылған. Ол екі апта бойы далаға шықпаған және нәр татпаған. Саперлерді шақырып, жазғы ас бөлмесінің шатырында жарылмаған күйі кептеліп қалған снарядты залалсыздандырған."Қызым қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Белгород облысында ем алып жатыр, - дейді қария. – Ол маған қалай көмектесуі мүмкін? Маған көршілерін қарайласты. Бірақ қазір олар кетіп қалған. Ал мен өз үйімнен кеткім келмейді".Адамдар біртіндеп жертөледен шыға бастады. Олар жердің асты қауіпсіз болғанымен, әлі де салқын екенін айтты."Кезекті атыс кезінде әдеттегідей жертөлеге түстім, - дейді Татьяна. – Снаряд үйге түсті де, өрт туындап, жертөле есігін жауып қалды. Қуанышқа орай, көршілер душ суымен өртті тез сөндіріп, қирандыны аршып, мені далаға шығарып алды".Ол көршілерімен бірге тұрады. Далада ас дайындайды. Құдықтан су тасиды. Жарма мен макарон өнімдерін талғажу етуде. Бірақ бұл тым аз. Қала гуманитарлық апат қарсаңында тұр.Дегенмен, әскерилер мейлінше жиі азық-түлік жеткізуге уәде етті. Бірақ Попаснаядағы жағдай тұрақталуы қажет.
https://sputnik.kz/20220526/resey-zhaandyq-ekonomikalyq-arena-25104563.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/15/22956015_448:0:3179:2048_1920x0_80_0_0_d83f0ab5b41800b70ba31dac9959045a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Луганск облысының шекарасында тұрған бұл қаланың Донбастағы украин әскерилерін қару-жарақпен қамтамасыз етуде маңызы зор болды. Қазір мұнда ресейлік әскер мен Луганск Халық Республикасы армиясының жауынгерлері жайғасты. Қиян-кескі қақтығысқа қарамастан, барлық тұрғын эвакуацияланған жоқ. Попасная қаласының қазіргі тыныс-тіршілігі туралы
РИА Новости жазды.
Қаланың сырт бейнесі Мариупольді еске түсіреді: қираған көпқабатты тұрғын үйлер, талқаны шыққан жеке тұрғын үй секторы, шіркеу мұнарасында снарядтан қалған саңылау бар. Қақтығыс басталған кезде тұрғындардың барлығы дерлік кетіп қалды. Кейбір үйлерді украин әскерилері тойтарыс беру орындарына айналдырған.
Үйдің айналасында оқ-дәрі шашылып жатыр, терезені кітаппен көлегейлеген. Үйдің ішінде әскери киім, арақтың бос бөтелкелері жатыр.
Луганск Халық Республикасы әскерінің "Тюльпан" лақап атты жауынгері тұрғын үйді тексергенімен, ештеңеге қол тигізбеді.
"Украина Қарулы күштерінің әскері кететін кезде барлығын миналайды. Қашықтықтан жұмыс істейтін камера орнатады. Осылайша онлайн режимде біздің әскердің қозғалысын бақылап отыруға болады", - дейді ол.
"Тюльпан" сегіз жылдан бері соғысып жүр. Өзі Луганскта туған.
"Көп украин, әсіресе орталық пен батыстағылар бұл жақта ешқандай ымыра болмағанын түсінбейді, - дейді жауынгер. – Осы уақыттың бәрінде Попаснаядан Первомайск пен Стахановқа қарай оқ атылды".
Мұнда қантөгіс қақтығыс болған. Украина Қарулы күштері биікте орналасқандықтан, бұл аумаққа шабуыл жасау күрделі болған. Оның үстіне, мұнда қажеттімен жабдықтау үшін маңызды рөл атқаратын теміржол станциясының торабы бар. Қалада атыс үні әлі де естіледі. Снаряд пен миналар әлі де жарылып жатыр. Күні кеше екі диверсанттың көзі жойылды. Республика әскерилерінің айтуынша, әдетте олар тұтқынға берілмейді, соңына дейін қарсылық көрсетуге тырысады.
"Жергілікті тұрғындар арасында да қарсы тарапқа ақпарат ұсынатындар кездеседі, - дейді "Тюльпан". – Негізінен бұл ақша тапқысы келетін жас жігіттер. Күйеулері қарсы тарапта соғысып жатқан әйеелдер де кездеседі. Бірақ олар бірен-саран. Негізінен халық Реей саясатын қолдап отыр".
Ал Владимир Попаснаяға зейнетке шыққан соң көшіп келген. Ұзақ жыл бойы Қиыр Солтүстікте жұмыс істеп, жинаған қаражатына үй тұрғызған. Оның учаскесінің жанына украин әскерилері орналасты. Ал бір ай бұрын бұл аудан майдан шебіне айналды.
"Атыс тоқтаған жоқ, - дейді ол. – Гараж жертөлесінде тығылып отырмын. Басқа жаққа кетудің мәні жоқ".
Владимир Украина Қарулы күштерінің сарбаздары жергілікті тұрғындармен тіпті әңгімелеспейтінін, тамақтарымен бөліспейтінін еске алды. Тек оқта-текте темекі ұсынған. Олар бос қалған үйлерді ашып, тұрмыстық техниканы, көлікті "армия қажетіне" деген сылтаумен алып кеткен.
"Халықтың тең жартысы сегіз жыл бұрын-ақ жағдайдың неге алып келетінін түсінді де, Ресейге кетіп қалды, - дейді Владимирдің Андрей есімі көршісі. – Арнайы қызмет өкілдері сол кезде үй-үйді аралап, туыстарының бірі Луганск Халық Республикасы жағында соғысқан-соғыспағанын сұрады. Әскери жасақтағы ұлымен телефон арқылы сөйлескені үшін бір азаматты үш жылға түрмеге жауып тастады. Оған әскердің қайда орналасқаны туралы ақпарат ұсынды деп жала жапты".
Луганск Халық Республикасы әскерилері бүтін қалған үйлерді аралап, тұрғындардың тізімін жасақтады.
"Қолымыздан келгенше азық-түлік дәрі-дәрмекпен көмектесіп жатырмыз. Бір қиындық туындаса, маман шақырамыз немесе жақын маңдағы ауруханаға жеткіземіз", - дейді Дед лақапатты жауынгер.
Күні кеше 99 жастағы әже табылған. Ол екі апта бойы далаға шықпаған және нәр татпаған. Саперлерді шақырып, жазғы ас бөлмесінің шатырында жарылмаған күйі кептеліп қалған снарядты залалсыздандырған.
"Қызым қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Белгород облысында ем алып жатыр, - дейді қария. – Ол маған қалай көмектесуі мүмкін? Маған көршілерін қарайласты. Бірақ қазір олар кетіп қалған. Ал мен өз үйімнен кеткім келмейді".
Адамдар біртіндеп жертөледен шыға бастады. Олар жердің асты қауіпсіз болғанымен, әлі де салқын екенін айтты.
"Кезекті атыс кезінде әдеттегідей жертөлеге түстім, - дейді Татьяна. – Снаряд үйге түсті де, өрт туындап, жертөле есігін жауып қалды. Қуанышқа орай, көршілер душ суымен өртті тез сөндіріп, қирандыны аршып, мені далаға шығарып алды".
Ол көршілерімен бірге тұрады. Далада ас дайындайды. Құдықтан су тасиды. Жарма мен макарон өнімдерін талғажу етуде. Бірақ бұл тым аз. Қала гуманитарлық апат қарсаңында тұр.
Дегенмен, әскерилер мейлінше жиі азық-түлік жеткізуге уәде етті. Бірақ Попаснаядағы жағдай тұрақталуы қажет.