Өңірлер

Жаңбыр жауып, күн күркірейді: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Болат ШайхиновЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2022
Жазылу
Ауа райының қолайсыз болғанымен, күн айтарлықтай суытпайды
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Алдағы тәулікте атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады.
Қазгидрометтің мәліметінше, 5 маусымда республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Батыста - 22-33 градус, оңтүстік-батыста - 29-37 градус, солтүстік-батыста – 15-25-тен 20-33 градусқа дейін жылы. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз 15-26 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстігінде - 27-37 градус ыстық болады. Оңтүстік-шығыста - 22-32 градус жылы.

Ірі қалалардағы ауа райы

Ертең елордада жауын жауады, күндіз +18 градус, түнде 9 градус жылы. Жексенбіде күндіз плюс 16, түнде +6 градус. 6 маусымда да жауын жауады, күндіз 18 градус жылы, түнде +11.
Алматыда сенбіде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз +22, түнде 15 градус жылы. 5 маусымда күн ашық, плюс 25 градус, түнде 15 градус жылы. Дүйсенбіде жауын жауады, күндіз +26, түнде +17 градус.
4 маусымда Шымкентте күндіз +28, түнде +14. Жексенбіде +31, түнде +17 градус. 6 маусымда 33 градус ыстық.
Жаңалықтар
0