Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі айда тәркіленген қару-жарақ көлемі туралы айтты

© ЦОС ФСБ РФ / Медиабанкке өтуАрхив
Архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2022
Жазылу
Заңсыз айналымнан барлығы 61 дана қару, 13 граната мен 1 170 оқ-дәрі тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Сәуір-мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның аймақтық департаменттері заңсыз айналымнан, оның ішінде "қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған қаруды іздеу және тәркілеу бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Алматы облысында "Байкал" тапаншасы, 2 мылтық, 10 граната және түрлі калибрлі 104 оқ жасырылған орын анықталды.
Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардан 3 қару мен 109 оқ-дәрі тәркіленді.
Тәртіп сақшылары Талдықорған қалалық полиция басқармасынан ұрланған тағы бір тапанша тәркіледі. Қару аймақтағы "қылмыс әлемінің серкесі" "Макаров" тапаншасын сатпақ болған кезде анықталды. Күдікті қамауға алынды.
"Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларды, соның ішінде президент резиденциясына шабуыл жасағандарды ұстау барысында "Глок" маркалы тапанша, 29 оқ-дәрі және 3 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді", - деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінде.
Тергеуге іліккен "Қазақстандықтар" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері өз еріктерімен 39 дана қару, 1 дыбыстық граната, 1 броньдалған жилет және 98 оқ-дәріні тапсырды.
Полиция органдарымен бірлесіп "Қорған" аңшылық дүкенінен қару ұрлауға қатысы бар өңір тұрғындары ұсталды. Тінту барысында олардың тұрғылықты мекенжайынан оптикалық көздеуіш, тегіс ұңғылы оқпен жабдықтауға арналған білдек, сондай-ақ страйкболға арналған "ASG" мылтығы тәркіленді.
Жамбыл облысында "Калашников" автоматы, револьвер, "Сайга" карабині және 328 оқ-дәрі жасырылған орын анықталды.
Қызылорда облысында "Калашников" автоматы, "Макаров" тапаншасы, "Борз" тапанша-пулеметі, "Сайга" карабині, "Ф-1" гранатасы және 59 оқ-дәрі жасырылған құпия орын анықталды.
Шығыс Қазақстан облысында полиция департаментімен бірлесіп жасырылған жерден 1 шолақ мылтық, 1 "РГ-42" гранатасы, 168 оқ-дәрі және 1 броньдалған жилет тәркіленді. Түркістан облысында полиция органдарымен бірлесіп "Мосина" маркалы мылтық тәркіленді.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0