https://sputnik.kz/20220603/toqaev-qarzhy-piramidalary-25277622.html
Тоқаев қаржы пирамидаларымен күресті күшейтуді тапсырды
Тоқаев қаржы пирамидаларымен күресті күшейтуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 03.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-03T17:00+0500
2022-06-03T17:00+0500
2023-08-09T17:16+0500
алаяқтық
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743898_0:0:2596:1460_1920x0_80_0_0_6f71b833f8ec0fb9ee507c535ab8a622.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президентке еліміздегі криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарақшылық, мал ұрлығы, алаяқтық, оның ішінде интернет алаяқтығы, сондай-ақ бұрын сотталғандардың мас күйінде, отбасылық-тұрмыстық салада және топтасып жасаған қылмыстарының саны айтарлықтай төмендегені туралы баяндалды.Министр мемлекет басшысына ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.Президент кәмелетке толмағандарға қатысты және отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстың алдын алу жұмыстарының нәтижелерімен танысты.Марат Ахметжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі істер органдарының қызметін бюрократиядан арылту, жұмыс үдерістерін цифрландыру және автоматтандыру, ішкі рәсімдерді, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласын оңтайландыру жөнінде баяндады.Мемлекет басшысына криминогендік жағдайға мониторинг жасайтын ІІМ Ахуалдық талдау орталығының мүмкіндіктерін кеңейту туралы ақпарат берілді.Сонымен қатар президентке Жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзатындарды анықтауға бағытталған жаңа жүйе жұмысының алдын ала нәтижелері туралы айтылды.Кездесу соңында мемлекет басшысы министрге еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Осы ретте интернет алаяқтығы мен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жандандыру қажеттігі атап өтілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743898_649:0:2596:1460_1920x0_80_0_0_a936e5b7c3620d65f1e53e15a429bda1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, қаржы пирамидасы
алаяқтық, қаржы пирамидасы
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке еліміздегі криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарақшылық, мал ұрлығы, алаяқтық, оның ішінде интернет алаяқтығы, сондай-ақ бұрын сотталғандардың мас күйінде, отбасылық-тұрмыстық салада және топтасып жасаған қылмыстарының саны айтарлықтай төмендегені туралы баяндалды.
Министр мемлекет басшысына ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.
Президент кәмелетке толмағандарға қатысты және отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстың алдын алу жұмыстарының нәтижелерімен танысты.
Марат Ахметжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі істер органдарының қызметін бюрократиядан арылту, жұмыс үдерістерін цифрландыру және автоматтандыру, ішкі рәсімдерді, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласын оңтайландыру жөнінде баяндады.
Мемлекет басшысына криминогендік жағдайға мониторинг жасайтын ІІМ Ахуалдық талдау орталығының мүмкіндіктерін кеңейту туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар президентке Жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзатындарды анықтауға бағытталған жаңа жүйе жұмысының алдын ала нәтижелері туралы айтылды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы министрге еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Осы ретте интернет алаяқтығы мен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жандандыру қажеттігі атап өтілді.