https://sputnik.kz/20220603/tiktok-qazaqstan-yntymaqtastyq-25257891.html
TikTok Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр
TikTok Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
Білім, мәдениет, туризм саласындағы жобаларды және ел аумағында платформаны дамытудың басқа да мәселелерін талқылау үшін TikTok компаниясының делегациясы... 03.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-03T09:05+0500
2022-06-03T09:05+0500
2022-06-03T09:05+0500
қазақстан
ынтымақтастық
https://sputnik.kz/img/07e5/03/18/16603779_0:73:1600:973_1920x0_80_0_0_694c5ecbbdec63dcafa2b8f95875dcda.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Шығыс Еуропадағы TikTok өкілдігінің директоры Олег Соколов Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту жоспарын бөлісті. Бұл туралы ол Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен және "Kazakh Invest" ҰК" АҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ұлттық компания. 2018 жылы іске қосылған TikTok-тың халықаралық нұсқасы бір миллиардтан астам дүниежүзілік ай сайынғы аудиториясы бар жетекші жаһандық интернет-платформалардың бірі.TikTok өкілдерінің айтуынша, бүгінде Қазақстанда ай сайын платформаны 7 миллионнан астам тіркелген пайдаланушы қолданып отыр. Компания әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда білім мен мәдениеттің дамуына ықпал ету саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді.Олег Соколов TikTok-тың Қазақстан аумағында ұлттық театрлар мен музейлерді ілгерілетуді қоса алғанда, платформаның мәдени-ағартушылық контентін күшейту ниетін атап өтті. Өз кезегінде Алмас Айдаров Қазақстанда компанияның өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып, компания еліміздегі бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға келісті.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/18/16603779_118:0:1493:1031_1920x0_80_0_0_338460810c8349c446ed4be8c9181b65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ынтымақтастық
TikTok Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр
Білім, мәдениет, туризм саласындағы жобаларды және ел аумағында платформаны дамытудың басқа да мәселелерін талқылау үшін TikTok компаниясының делегациясы Қазақстанға келді
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Шығыс Еуропадағы TikTok өкілдігінің директоры Олег Соколов Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту жоспарын бөлісті.
Бұл туралы ол Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен және "Kazakh Invest" ҰК" АҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ұлттық компания.
2018 жылы іске қосылған TikTok-тың халықаралық нұсқасы бір миллиардтан астам дүниежүзілік ай сайынғы аудиториясы бар жетекші жаһандық интернет-платформалардың бірі.
TikTok өкілдерінің айтуынша, бүгінде Қазақстанда ай сайын платформаны 7 миллионнан астам тіркелген пайдаланушы қолданып отыр. Компания әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда білім мен мәдениеттің дамуына ықпал ету саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді.
Олег Соколов TikTok-тың Қазақстан аумағында ұлттық театрлар мен музейлерді ілгерілетуді қоса алғанда, платформаның мәдени-ағартушылық контентін күшейту ниетін атап өтті.
Өз кезегінде Алмас Айдаров Қазақстанда компанияның өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып, компания еліміздегі бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға келісті.