https://sputnik.kz/20220603/qazaqstan-zhuk-kolikter-shekara-25256326.html
Қазақстандық жүк көліктер шекарада кептеліп тұр
Қазақстандық жүк көліктер шекарада кептеліп тұр
Sputnik Қазақстан
Көліктердің жалпы саны мыңнан асады. Оның ішінде елуі отандық жүргізушілер 03.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-03T07:26+0500
2022-06-03T07:26+0500
2023-08-09T10:10+0500
шекара
жүк
https://sputnik.kz/img/1416/23/14162319_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_c153613e3cdb1d98fe63946c7d233ee1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстандық жүк тасымалдаушылар Ресей - Латвия арасындағы кедендік бақылау бекетінен өте алмай жатыр. Шекараның екі жағында да ұзынсонар кезек, деп хабарлады Хабар 24.Көліктердің жалпы саны мыңнан асады. Оның ішінде елуі отандық жүргізушілер. Мәселе Еуропалық Одақтың Ресей мен Беларуське санкция салуынан басталды. Кейін беларус елінің кәрі құрлықтан қатынайтын жүк көліктеріне қарымта шектеу енгізуі жағдайды ушықтырып жіберді. Беларусь шектеуін алмаса, ұзынсонар кезек жаз бойы жалғасады. Оның айтуынша, қазақстандық тасымалдаушылардың да басқа жолмен барар баламалы бағыты жоқ. Сорақысы сол, кеденнен өту ұзақтығы 5 күннен 2 аптаға дейін ұзарды, дейді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1416/23/14162319_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_e7a3ef84503c22ab6820a4a00f8e0643.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шекара, жүк
Қазақстандық жүк көліктер шекарада кептеліп тұр
07:26 03.06.2022 (жаңартылды: 10:10 09.08.2023) Көліктердің жалпы саны мыңнан асады. Оның ішінде елуі отандық жүргізушілер
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстандық жүк тасымалдаушылар Ресей - Латвия арасындағы кедендік бақылау бекетінен өте алмай жатыр. Шекараның екі жағында да ұзынсонар кезек, деп хабарлады
Хабар 24. Көліктердің жалпы саны мыңнан асады. Оның ішінде елуі отандық жүргізушілер.
Мәселе Еуропалық Одақтың Ресей мен Беларуське санкция салуынан басталды. Кейін беларус елінің кәрі құрлықтан қатынайтын жүк көліктеріне қарымта шектеу енгізуі жағдайды ушықтырып жіберді.
Беларусь шектеуін алмаса, ұзынсонар кезек жаз бойы жалғасады.
"Еуропадан келетін жүк шекаралас терминалдарға дейін жеткізіледі. Сол жақтан Ресейге, Беларусь және Қазақстан Республикаларына жөнелтіледі. Ресей тарапы Батыс тасымалдаушыларына өз аумағымен жүруге ешқандай тыйым салмаған. Осыған байланысты Ресей мен Латвия бекеті арқылы өткісі келетіндердің саны күрт артты", - дейді "Атамекен" ҰКП департамент директоры Мұрат Амрин.
Оның айтуынша, қазақстандық тасымалдаушылардың да басқа жолмен барар баламалы бағыты жоқ.
Сорақысы сол, кеденнен өту ұзақтығы 5 күннен 2 аптаға дейін ұзарды, дейді ол.