https://sputnik.kz/20220603/qaragandy-turgyny-anasyn-pyshaqtady-25270204.html
Қарағандылық полиция бөлімшесінен үйіне орала сала анасын пышақтап тастады
Қарағандылық полиция бөлімшесінен үйіне орала сала анасын пышақтап тастады
Sputnik Қазақстан
Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды 03.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-03T14:10+0500
2022-06-03T14:10+0500
2022-06-03T14:10+0500
өңірлер
қарағанды
https://sputnik.kz/img/90/62/906286_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_1c03c6ccf5d04f9479cb9ba1a7d10bb0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қарағандыда бұзақылық үшін ұсталған ер адам босатылды. Ол үйіне барған бойда анасын пышақтап тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, бүгін түнгі сағат 00:35-те Гапеев көшесінен хабар түскен. 29-шы үйдің тұрғыны ауладағы тоғыз көліктің терезесін сындырып тастаған. Оқиға орнына барған полицейлер 34 жастағы ер адамды ұстады. Ол бұзақылық үшін жауапқа тартылды. "Наркологиялық диспансерде жасалған сараптама кезінде ұсталған ер адамның сау екені анықталды. Наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған жоқ. Бұрын істі болмаған. Ал жасаған қылмыс ауыр емес санатқа жатады. Осыған байланысты оны екі сағаттан кейін үйіне босатқан", - дейді облыстық департамент басшысының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Ернат Қалиақпаров. Ал таңғы сағат 07.55-де полиция бөліміне босатылған тұрғынның пәтерінен әйелдің мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті. Марқұм күдіктінің 70 жастағы анасы болып шықты. Шұғыл іздестіру шаралары барысында күдікті көшеде ұсталды. Оның айтуынша, екеуі көршілердің көліктеріне шығынды төлеуге байланысты жанжалдасып қалған. Сол кезде ол анасын пышақтап тастаған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/90/62/906286_192:0:913:541_1920x0_80_0_0_c67da94d66d1a49694709daaa894ad2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды
Қарағандылық полиция бөлімшесінен үйіне орала сала анасын пышақтап тастады
Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қарағандыда бұзақылық үшін ұсталған ер адам босатылды. Ол үйіне барған бойда анасын пышақтап тастады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, бүгін түнгі сағат 00:35-те Гапеев көшесінен хабар түскен. 29-шы үйдің тұрғыны ауладағы тоғыз көліктің терезесін сындырып тастаған. Оқиға орнына барған полицейлер 34 жастағы ер адамды ұстады. Ол бұзақылық үшін жауапқа тартылды.
"Наркологиялық диспансерде жасалған сараптама кезінде ұсталған ер адамның сау екені анықталды. Наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған жоқ. Бұрын істі болмаған. Ал жасаған қылмыс ауыр емес санатқа жатады. Осыған байланысты оны екі сағаттан кейін үйіне босатқан", - дейді облыстық департамент басшысының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Ернат Қалиақпаров.
Ал таңғы сағат 07.55-де полиция бөліміне босатылған тұрғынның пәтерінен әйелдің мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті. Марқұм күдіктінің 70 жастағы анасы болып шықты.
Шұғыл іздестіру шаралары барысында күдікті көшеде ұсталды. Оның айтуынша, екеуі көршілердің көліктеріне шығынды төлеуге байланысты жанжалдасып қалған. Сол кезде ол анасын пышақтап тастаған.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.