https://sputnik.kz/20220603/nur-sultan-soty-toraga-qyzmet-25263100.html
Нұр-Сұлтан сотының төрағасы қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан сотының төрағасы қызметінен босатылды
Sputnik Қазақстан
Бұдан бөлек, президент жарлығымен Ақмола, Ақтөбе, Атырау мен Қарағанды облысы, әскери сот, Нұр-Сұлтан мен Алматы аудандық соттарының судьялары қызметтен кетті 03.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-03T11:10+0500
2022-06-03T11:10+0500
2023-08-09T12:22+0500
қоғам
сот
астана
https://sputnik.kz/img/1188/06/11880687_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_569b7a6fcb9000ef6ac10d8bb2e6bf6f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев қызметіне босатылды. Желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы жарияланды. Айта кетері, Тілектес Бәрпібаев қалалық сот төрағасының қызметін 2013 жылдың желтоқсан айынан бері атқарған. Оған дейін Алматы облысы мен Алматы қаласының сотында, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасында жұмыс істеген. Алматы облыстық ішкі істер басқармасында бірнеше жыл еңбек етті. 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметімен бірге Германияда коронавируспен ауырып қалған Бәрпібаевқа қатысты тексерістің басталғанын мәлімдеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, сот төрағасы жеке меншік ұшақты пайдаланған. Ал Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қыметі "БАҚ пен әлеуметтік желіде тараған фактілер толық емес және бұрмаланып көрсетіледі" деген мәлімедеме жасады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1188/06/11880687_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_ce658e00d0ec67570ed58c394c83462e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, астана
Нұр-Сұлтан сотының төрағасы қызметінен босатылды
11:10 03.06.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Бұдан бөлек, президент жарлығымен Ақмола, Ақтөбе, Атырау мен Қарағанды облысы, әскери сот, Нұр-Сұлтан мен Алматы аудандық соттарының судьялары қызметтен кетті
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев қызметіне босатылды.
Желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы жарияланды.
"Тілектес Ешейұлы Бәрпібаевтың отставкаға кетуіне байланысты Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы қызметінен босатуды қаулы етемін", – делінген құжатта.
Айта кетері, Тілектес Бәрпібаев қалалық сот төрағасының қызметін 2013 жылдың желтоқсан айынан бері атқарған. Оған дейін Алматы облысы мен Алматы қаласының сотында, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасында жұмыс істеген.
Алматы облыстық ішкі істер басқармасында бірнеше жыл еңбек етті.
2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметімен бірге Германияда коронавируспен ауырып қалған Бәрпібаевқа қатысты тексерістің басталғанын мәлімдеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, сот төрағасы жеке меншік ұшақты пайдаланған.
Ал Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қыметі "БАҚ пен әлеуметтік желіде тараған фактілер толық емес және бұрмаланып көрсетіледі" деген мәлімедеме жасады.