Нөсер, найзағай, дауыл: 4 маусымда ауа райы қандай болады

© Photo : СС0 / Denis DoukhanЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның батысынан басқа өңірлерде жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз оңтүстігі, шығысы мен орталығында бұршақ жауады деп болжанып отыр.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады, шығысы мен таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін.
Түркістан облысының тауларында дауыл, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігі мен таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады, түнде солтүстігінде күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде бұршақ жауады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында бұршақ жауып, дауыл тұрады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін.
Түнде Жамбыл облысының оңтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, күндіз Қызылорда облысының орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді деп жоспарланып отыр.
Қызылорда ​​облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтар
0