https://sputnik.kz/20220603/ministr-batys-qazaqstan-zhol-25262979.html
Министр Батыс Қазақстандағы жол жөндеу жұмыстарын тексеруге барды
Министр Батыс Қазақстандағы жол жөндеу жұмыстарын тексеруге барды
Sputnik Қазақстан
Өңірде 248 километр жолға күрделі жөндеу жүргізілліп жатыр және қазір 55 километрде жол қозғалысы қалпына келтірілді 03.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-03T11:26+0500
2022-06-03T11:26+0500
2023-08-09T09:47+0500
өңірлер
жол
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/06/03/25258091_0:57:1078:663_1920x0_80_0_0_a33e93abb44a738ea66e1b5a44fe18a4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Ол Батыс Қазақстан мен Атырау облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жөндеу жұмыстарын тексеріп, шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындарымен кездесуді көздеп отыр. Министр Орал – Казталовка ауылы – Казталовка тас жолының учаскелері – Жәнібек– Ресей шекарасы – Өнеге жолының учаскелері – Бисен – Сайхин – Хан Ордасы ауылы – Құрманғазы ауылы – Атырау жолының учаскелері – Астрахань бағыты бойынша жүретінін атап өтті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қайырбек Өскенбаев бұған дейін бірқатар нысанды тексеріп, бірнеше кездесу өткізгенін, онда жол құрылысы жұмыстарының сапалы және уақытылы аяқталуына мердігерлердің назарын аударғанын, сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басшылығына бірқатар тапсырма бергенін хабарлады. Одан кейін министрдің жұмыс сапары Атырау облысында жалғасып, Атырау – Астрахань тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары тексеріледі.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/03/25258091_59:0:1019:720_1920x0_80_0_0_031a914e3daa300532b63c9eae8797af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, батыс қазақстан облысы
жол, батыс қазақстан облысы
Министр Батыс Қазақстандағы жол жөндеу жұмыстарын тексеруге барды
11:26 03.06.2022 (жаңартылды: 09:47 09.08.2023) Өңірде 248 километр жолға күрделі жөндеу жүргізілліп жатыр және қазір 55 километрде жол қозғалысы қалпына келтірілді
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.
Ол Батыс Қазақстан мен Атырау облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жөндеу жұмыстарын тексеріп, шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындарымен кездесуді көздеп отыр.
"Екі күн ішінде Оралдан Атырауға дейін көлікпен жүріп өтіп, құрылыс жұмыстарының қарқынын тексеруді жоспарлап отырмын. Жүз рет естігенше, өз көзіңмен бір рет көрген жақсы. Сапар барысында мердігер компаниялардың өкілдерімен кездесу өткіземін. Мүмкіндігінше шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отырмын", — деп жазды Қайырбек Өскенбаев әлеуметтік желіде.
Министр Орал – Казталовка ауылы – Казталовка тас жолының учаскелері – Жәнібек– Ресей шекарасы – Өнеге жолының учаскелері – Бисен – Сайхин – Хан Ордасы ауылы – Құрманғазы ауылы – Атырау жолының учаскелері – Астрахань бағыты бойынша жүретінін атап өтті.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қайырбек Өскенбаев бұған дейін бірқатар нысанды тексеріп, бірнеше кездесу өткізгенін, онда жол құрылысы жұмыстарының сапалы және уақытылы аяқталуына мердігерлердің назарын аударғанын, сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басшылығына бірқатар тапсырма бергенін хабарлады.
Одан кейін министрдің жұмыс сапары Атырау облысында жалғасып, Атырау – Астрахань тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары тексеріледі.