Әлем

Еуропадағы ең үлкен армияның пайда болуы кімге қауіп төндіреді

© Sputnik / Сергей Степанов / Медиабанкке өтуУчения НАТО Saber Strike 2016 в Эстонии
Учения НАТО Saber Strike 2016 в Эстонии - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2022
Жазылу
Неміс канцлері Олаф Шольцтың "жақын уақытта Германияда НАТО аясында Еуропадағы ең үлкен армия болатыны" туралы мәлімдемесіне қатысты Ресей жауап берді. РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров Германияның "Еуроодақтағы басты әскер күш" болуы ГФР-дың қайтадан үстемдік етуді жаңғыртуға деген ұмтылысын аңғартатынын айтты, деп жазды РИА Новости.
Лавров екі апта бұрын "билікке Германияның қазіргі үкіметі келгелі бері неміс мемлекеті өз дербестігінің соңғы сипатын жоғалтып алғаны байқалатынын" мәлімдеді. Олай болса өз дербестігі, өз бетінше әрекет ету қабілеті жоқ ел қалай үстемдікке таласа алады?
"ГФР мен оның одақтастарының қауіпсіздігін нығайту мақсатында жақын уақытта НАТО аясында Еуроодақтағы ең үлкен армия құру туралы" уәдесімен Шольц біршама шу тудырғаны анық. Алайда канцлер Еуропа деп нақты қай аумақты айтып отырғанын түсіндірмеді. Қазір бундесвер қатарында шамамен 180 мың әскери қызметкер бар. Ал француз әскерилердің саны 210 мыңға жуық. Қысқа мерзімде неміс армиясын 15-20 процентке ұлғайту әбден мүмкін. Бірақ жалақыны есептемегенде, инфрақұрылым мен әскери техника қомақты қаражатты қажет ететінін ұмытпау керек.
Алайда НАТО-да және ЕО-ға кандидат ретінде Еуропада жарты миллион армиясы бар Түркияны ескермеуге болмайды. Жеңіліс тапқан ГФР-да мұндай армия тарихта болмаған: Германияда ол ең көп дегенде 450 мыңға жеткен. Сондықтан, егер немістер саны жағынан түрік әскерін басып озуды көздесе, онда барлығы түбегейлі өзгереді.
"Ресей үшін емес, НАТО мен ЕО үшін түбегейлі өзгеріс болады. Себебі, соғыстан кейінгі атлантикалық әлемдік тәртіп, Батыстың бірлігі НАТО-ның бірінші бас хатшысы генерал Исмейдің ұстанымына негізделді. Ол "АҚШ-ты Еуропада, Ресейді Еуропадан тыс және Германияны бақылауда ұстауды" өсиет етті", - деп жазылған материалда.
Атлантистер Германия әскери салада англосаксондарға тәуелді болуын көздейді. Сондықтан жалпыеуропалық армияға жол бермейді. Өйткені Германияның Еуропадағы рөлінің ауқымын ескерсек, ол армия түбегейлі неміс әскеріне айналады. Ал бұл Еуропаның англосаксондардан тәуелділіктен құтылуын аңғартады.
Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2022
Қоғам
Қазақстан мен Германия арасында әуе рейстері артады
Мақала авторы ол үшін Германияны тұрақты үрейде ұстау қажеттілігін жазды. Сондықтан қазір Ресей агрессор ретінде насихатталып жатыр. Кейбір англосаксондар Ресей мен Еуропа арасындағы байланысты ұзақ уақытқа ажыраттық деп сеніп отыр. Бұл әрекет поляктар мен шведтердің күшімен жасалатын сыңайлы. Ал немістерді Ресей және Путинмен тату қарым-қатынас үшін жазғыру жалғаса береді. Осы орайда Германия үнсіз қалмай, бірыңғай Еуропаның қауіпсіздігін нығайту мақсатындағы орта іске өз үлесін қосуға талпынып жатыр.
Ақпанның соңында Шольц Германия Ресеймен энергетикалық ынтымақтастықтан бас тартып, қорғаныс саласының шығынын ұлғайту және Шығыс Еуропадағы әскер санын арттыру арқылы "есеюі қажет" екенін мәлімдеді. Шольц түрік армиясын еуропалық деп санамайды. Сондықтан Еуропадағы ірі армия туралы пікір білдірді.
Анлосаксондар еш қарсылық таныта алмайды: себебі олар неше жылдан бері Берлинді қару-жарақ шығынын арттыруға үгіттеп келді, ал қазір Украинаға аз көлемде қару тасымалдап жатқаны үшін кінәлап отыр. Бундесверді шамалы ұлғайту англосаксондардың Еуропаны бақылауында ұстауына кедергі бола алмайды. Себебі базалар мен ядроық қару бәрібір америкалық, ұлттық армиялардың қолбасшылығы да НАТО уысында тұр.
"Бірақ барлығы соншалық оңай емес. Өйткені немістер Еуроодақты бақылаудан көз жазып қалмас үшін армиясын ұлғайтуды көздеп отыр. Еуроодақ енді экономикалық әрі идеологиялық ұйымға айналуы керек. Немістер еуропалықтарды қамтамасыз етіп қана қоймай, қорғайды да. 200 мың армиясымен кімнен және қалай қорғай алады? Мұның астарын бәрі түсініп отыр. Берлин үшін англосаксондарға Еуроодақтағы ықпалын күшейтуге жол бермеу - басты мақсат", - деп жазды мақала авторы.
Егер Германияда толыққанды дербестік болса, ол Ресеймен ынтымақтастықты үзбейтін еді. Оның үстіне, Еуроодақ атлантикалық элитаның ықпалында тұрған шақта Германияның ЕО-да үстемдікті сақтауға деген ұмтылысы англосаксон жобасына тойтарыс беру болып саналмайды. Бұл еуроинтеграцияның ең қолайлы нұсқасы болып отыр.
Жалпы еуроинтеграцияның болашағын айқындайтын екі сценарий бар. Біріншісі – Атлантиканың қос тарапының интеграциядағы жаңа деңгейге көшуі. Екіншісі – Еуроодақтың нығаюы дербес күш орталығының қалыптасуына және НАТО мен бірыңғай Батыстың ыдырауына алып келеді. Германияның дербестігін толыққанды қалпына келтірмей екінші сценарийді жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан неміс армиясының ауқымын ұлғайту туралы мәлімдеменің астарында үлкен мән жатыр.
Жаңалықтар
0