Әлем

Электрші сүйіктісімен жасырын кездесу үшін ауылда жарықты өшіріп отырған

CC0 / / Электр жарығы
Электр жарығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2022
Жазылу
Ауылдастары ер адамды сүйіктісімен бірге ұстады
АЛМАТЫ, 2 маусым — Sputnik. Үндістанда электрші қызбен жасырын кездесу үшін үнемі ауылда жарықты өшірген. Оның бұл әрекетін әшкерелеу үшін ауыл тұрғындары жопар құрған, деп хабарлайды The Tribune басылымы.
Бірнеше апта бойы Бихардың шығысындағы Ганешпур ауылының тұрғындары электр қуатының жиі сөнуіне шағымданды. Күн батқаннан кейін белгілі бір уақытта ауылдағы жарық екі-үш сағатқа өшірілген. Ал энергетикалық компания техникалық ақау туралы хабарламаған. Ауыл тұрғындары жарықты біреу сөндіреді деп күдіктене бастаған.
Кінәліні ұстау үшін жоспар құрып, патруль ұйымдастырған. Нәтижесінде олар мектеп ауласында екі ғашықты тапқан, біреуі электрші болып шықты. Куәгерлердің айтуынша, ауыл тұрғындары ғашық жігітті ұрып-соққан.
Ер адам қызымен кездесу үшін жарықты өшіргенін мойындады. Ақылдасқан соң ауыл ақсақалдары жұптың заңды некеге тұруына рұқсат берген.
Полиция электршіге қарсы ешқандай арыз түспегенін хабарлады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2021
Қоғам
Нұр-Сұлтанда сүйіктісімен сауда үйіне барған жігіттің қылмысы видеоға түсіп қалды
Жаңалықтар
0