https://sputnik.kz/20220603/el-qansha-qandas-oraldy-25266305.html
Отанға оралған қандастардың басым бөлігі қай елден келгені белгілі болды
Отанға оралған қандастардың басым бөлігі қай елден келгені белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Келген қандастардың көбі Алматы қаласына тұрақтаған 03.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-03T13:15+0500
2022-06-03T13:15+0500
2022-06-03T13:15+0500
қоғам
қандастар
https://sputnik.kz/img/07e5/09/09/18095463_0:157:3083:1891_1920x0_80_0_0_7065ebc4c9192ac4810ca3eea72cec2f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. 1 маусымдағы жағдай бойынша 5 679 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 93,5 мың этникалық қазақ оралды.Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,7%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 8,8% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,5% басқа елдерден қоныс аударған.Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,1%), Маңғыстау (18,8%), Түркістан (10,3%) және Жамбыл (6,2%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6%), Нұр-Сұлтан (6,9%) және Шымкент (7,9%) қалаларына қоныстанды.Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 22,8% және зейнеткерлер саны 14%.Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4%-ы жоғары білімді, 40,3%-ы орта кәсіби білімді, 46,6%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ның білімі жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/09/18095463_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_463f328c612e3f500d0660bc969dfd29.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қандастар
Отанға оралған қандастардың басым бөлігі қай елден келгені белгілі болды
Келген қандастардың көбі Алматы қаласына тұрақтаған
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. 1 маусымдағы жағдай бойынша 5 679 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 93,5 мың этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,7%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 8,8% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,5% басқа елдерден қоныс аударған.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,1%), Маңғыстау (18,8%), Түркістан (10,3%) және Жамбыл (6,2%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6%), Нұр-Сұлтан (6,9%) және Шымкент (7,9%) қалаларына қоныстанды.
Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 22,8% және зейнеткерлер саны 14%.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4%-ы жоғары білімді, 40,3%-ы орта кәсіби білімді, 46,6%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ның білімі жоқ.