Мәдениет

Димаштың жаңа әні Billboard чартының үздік ондығына енді

Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2022
Жазылу
Hot Trending Songs адамдар не тыңдайтын ғана емес, қандай әндерді жиі талқылайтынын да бақылаумен ерекшеленеді
АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Димаш Құдайбергеннің О’кей атты жаңа композициясы Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадының үздік ондығына енді. Сондай-ақ, Fly Away және Be With Me әндері чартта өз позицияларын нығайтуды жалғастырып келеді, деп хабарлады dimashnews сайты.
Димаш Құдайбергеннің О’кей атты жаңа композициясы Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадында 8-орынға ие болды. Fly Away әні 22 апта бойы рейтингтің үздік ондығы қатарында.
Димаштың Fly Away композициясы алғаш рет Billboard — Hot Trending Songs жаңа чартына 2021 жылдың күзінде түсті. Сол кезде әртістің жанкүйерлері Twitter-де премьераны қызу талқылап, суреттерімен, GIF-файлдарымен, сүйікті әніне сілтемемен бөліскен еді.
Hot Trending Songs адамдар не тыңдайтын ғана емес, қандай әндерді жиі талқылайтынын да бақылаумен ерекшеленеді. Fly Away әніне Димаштың Be with me авторлық композициясы қосылып, 24 апта бойы чарттың тізімінде тұрды. 2022 жылдың қаңтарында Димаштың композициялары апталық чартта 1 және 3-орын алып, рейтингтің ең жоғарғы сатысына көтерілді.
Биыл 15 мамырда World Music Awards ресми парақшасы Fly Away оңтүстік кореялық BTS тобының мүшесі Джиннің Yours композициясымен бірге Billboard’s Hot Trending Songs чартында ұзақ уақыт сақталатын ән екенін хабарлады.
"Құрметті жанкүйерлерім, Fly Away және Be With Me әндерін қолдағандарыңыз үшін және оларға ТОП-10-да қалуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін үлкен рахмет! Сіздерді жақсы көремін", – деп жазды әртіс өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Жаңалықтар
0