https://sputnik.kz/20220603/bayanauyl-ulttyq-parkin-ort-video-25264077.html
Баянауыл ұлттық паркіндегі өрт бақылауға алынды – видео
Баянауыл ұлттық паркіндегі өрт бақылауға алынды – видео
Sputnik Қазақстан
Өрт аумағы орманды алқаптың 5-7 гектарын құрап отыр 03.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-03T11:36+0500
2022-06-03T11:36+0500
2022-06-03T11:37+0500
оқиға
павлодар облысы
өрт
https://sputnik.kz/img/07e6/06/03/25262266_0:438:720:843_1920x0_80_0_0_c44e253fc2433eb1bb3e570203657292.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Кеше Баянауыл ұлттық табиғи паркінде болған өрт ауыздықталып, бақылауға алынды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясының директоры Руслан Төлепбаев. "Баянауыл ұлттық табиғи паркіндегі өрт туралы хабарлама кеше, 2 маусым күні сағат 11.58-де келіп түсті. Өрттің жалпы аумағы шамамен 5-7 гектарды құрайды. Бұл ойлы-қырлы жер болғандықтан өрт аумағына жету, тілсіз жаумен күресу қиын болып тұр. Сондықтан көп жерде өртті арнайы сөмке асынған өрт сөндірушілер жаяу жүріп, өртті сөндіруіне тура келді. Олар ағаштарға өрмелеп шығып, жоғарыдан шағын өрт ошақтарына су сеуіп жатыр", - деді орман инспекциясының директоры.Орман инспекциясы директорының айтуынша, 3 мамыр күні сағат 9.30-да өрт аумағы толығымен бақылауға алынды. Өртті сөндіруге 40-қа жуық техника мен 100-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған. Әлі де аздап түтіндеп жатқан аумақ бар, бірақ ашық өрт таралу қаупі жоқ. Өрттің шығуына найзағай себеп болған. Адамдар мен жануарлар зардап шеккен жоқ.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/03/25262266_0:370:720:910_1920x0_80_0_0_310e70a36b4652cf23c26748828c46cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, өрт
Баянауыл ұлттық паркіндегі өрт бақылауға алынды – видео
11:36 03.06.2022 (жаңартылды: 11:37 03.06.2022) Өрт аумағы орманды алқаптың 5-7 гектарын құрап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Кеше Баянауыл ұлттық табиғи паркінде болған өрт ауыздықталып, бақылауға алынды, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісіне Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясының директоры Руслан Төлепбаев.
"Баянауыл ұлттық табиғи паркіндегі өрт туралы хабарлама кеше, 2 маусым күні сағат 11.58-де келіп түсті. Өрттің жалпы аумағы шамамен 5-7 гектарды құрайды. Бұл ойлы-қырлы жер болғандықтан өрт аумағына жету, тілсіз жаумен күресу қиын болып тұр. Сондықтан көп жерде өртті арнайы сөмке асынған өрт сөндірушілер жаяу жүріп, өртті сөндіруіне тура келді. Олар ағаштарға өрмелеп шығып, жоғарыдан шағын өрт ошақтарына су сеуіп жатыр", - деді орман инспекциясының директоры.
Орман инспекциясы директорының айтуынша, 3 мамыр күні сағат 9.30-да өрт аумағы толығымен бақылауға алынды. Өртті сөндіруге 40-қа жуық техника мен 100-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған.
Әлі де аздап түтіндеп жатқан аумақ бар, бірақ ашық өрт таралу қаупі жоқ. Өрттің шығуына найзағай себеп болған. Адамдар мен жануарлар зардап шеккен жоқ.