Өңірлер

Ақсу қаласында су құбырына бөлінген қаржыны жымқырғандарға үкім шығарылды

© Sputnik / Тимур Батыршинархив фото
архив  фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2022
Жазылу
Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 340 миллион теңге залал келтірілді
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Павлодар облысында су құбырын қалпына келтіруге бөлінген 340 млн теңгенің ұрлану дерегі анықталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Ақсу қаласындағы су құбырын қайта жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
"Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Мұздыбаев, "Дала" ЖШС директоры Рыспеков және техникалық қадағалау маманы Нұртазин іс жүзінде орындалмай атқарылған жұмыс актілеріне қол қойған. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 340 миллион теңге, яғни аса ірі көлемдегі материалдық залал келтірілген", - делінген хабарламада.
Ақсу қалалық соты Мұздыбаевты Қазақстан Республикасы президентінің атына оны мемлекеттік награда – "Ерен еңбегі үшін" медалінен айыру туралы ұсыныспен 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Рысбековты 9 жылға, Нұртазинді 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Жаңалықтар
0