https://sputnik.kz/20220603/abay-zhetisu-ulytau-is-sharalar-zhospary-25280615.html
Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді
Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Президенттің Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құруды көздейтін "ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы"... 03.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-03T18:43+0500
2022-06-03T18:43+0500
2022-06-03T18:43+0500
облыс
https://sputnik.kz/img/07e6/04/13/24309024_0:113:3240:1936_1920x0_80_0_0_3803dda4b11cabb73d649d47c795b360.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Президенттің Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құруды көздейтін "ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.Іс-шаралар жоспары мынадай шараларды қамтиды:Жоспар жаңадан құрылған және қайта ұйымдастырылған облыстарда мемлекеттік органдардың жұмыс істеуі үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығынды қажет етпейді."Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа облыс орталықтарында бірқатар көшпелі кеңес өткізді, олардың барысында өңірлердің қажетті әкімшілік ғимараттарды сатып алуға, жалға алуға және жөндеу жүргізуге дайындығы мен қажеттіліктері бағаланды", - деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.Жалпы жүргізілген талдау жұмыстары жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен қызметкерлерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті әкімшілік ғимараттар дайын екенін көрсетті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/13/24309024_255:0:2986:2048_1920x0_80_0_0_f3ed281a741c88507201f98937402390.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
облыс
Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Президенттің Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құруды көздейтін "ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Іс-шаралар жоспары мынадай шараларды қамтиды:
жаңа облыстардың шекараларын белгілеу;
орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдарын құру;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту;
жаңадан құрылған облыстар арасында бюджет бөлу балансын қабылдау;
облыстарды құру шеңберіндегі шығыстарды республикалық бюджетті қалыптастыру мен нақтылау үшін қарауға енгізу және басқалар кіреді.
Жоспар жаңадан құрылған және қайта ұйымдастырылған облыстарда мемлекеттік органдардың жұмыс істеуі үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығынды қажет етпейді.
"Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа облыс орталықтарында бірқатар көшпелі кеңес өткізді, олардың барысында өңірлердің қажетті әкімшілік ғимараттарды сатып алуға, жалға алуға және жөндеу жүргізуге дайындығы мен қажеттіліктері бағаланды", - деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Жалпы жүргізілген талдау жұмыстары жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен қызметкерлерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті әкімшілік ғимараттар дайын екенін көрсетті.