Қоғам

Жердің атауын зияткерлік меншік ретінде тіркеуге болады – сенат заңды қабылдады

© Sputnik / Абзал Калиевархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2022
Жазылу
Зияткерлік меншіктің жаңа нысаны - "географиялық орынды көрсетуді" енгізу ұсынылып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Сенат зияткерлік меншікке қатысты кейбір заңнамалық актілеріне өзгеріс енгізу туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс депутаты Гүлнәр Бижанованың айтуынша, заң жобасы арқылы зияткерлік меншік нормаларын жетілдіру жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, ұжымдық ұйымдардың қызметі барынша ашық әрі тиімді етуге қатысты нақты ұсыныстар бар. Соның нәтижесінде авторлар мен құқық иелері өз сыйақысын кедергісіз алуы тиіс.
"Сондай-ақ, зияткерлік меншіктің жаңа нысаны - "географиялық орынды көрсетуді" енгізу ұсынылып отыр. Соның арқасында отандық өнім өндірушілер әлемдік нарыққа шығу жағынан жаңа мүмкіндіктер алады. Бұл жағдайда тауардың сапасы мен беделі нақты географиялық нысанмен байланысты болады. Мәселен, "Қазақстан" шоколады, Лепсі балы, Осакаровтың саумалы, Көкшетау балмұздағы және тағы басқа тауарлар бар", - деді Бижанова сенаттың жалпы отырысында.
Сондай-ақ, зияткерлік меншік құқығын рәсімдеу ережелеріне де өзгеріс енгізіледі. Өтінімді қарау кезінде наразылық жіберу мүмкіндігі болады.
Сонда тауар белгісін тіркеу кезінде дау-дамайлар туындамайды.
Заңның негізгі бағыттары:
Қазақстанда зияткерлік меншік нарығын дамыту;
авторлық құқық объектілерін қорғауды заңнамалық реттеудегі құқықтық олқылықтарды жою;
авторлар мен құқық ие-ленушінің мүдделері мен кепілдіктерін қамтамасыз ету;
Бұдан бөлек, халықтың осал топтарының құқықтарын қорғау және тегін заң көмегін арттыру қарастырылған.
Сенат заңды бірден екі оқылымда қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді.
Жаңалықтар
0