Қоғам

WhatsApp-та тағы бір жаңа функция пайда болады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. WhatsApp мессенджері өз функционалын кеңейтпек. Платформа жіберілген хабарламаны редакциялауға мүмкіндік беретін функция әзірлеп жатыр, деп хабарлайды WABetaInfo порталы.
"WhatsApp мәтін хабарламаларды түзетуге мүмкіндік беретін жаңа функция әзірлеп жатыр", - делінген жаңашылдықтарды қадағалап отыратын порталдың хабарламасында.
Бірақ функция хабарламаны редакциялау тарихын көрсетпейді, яғни жазған хаттың бұған дейінгі нұсқаларын көру мүмкіндігі болмайды.
Сондай-ақ мессенджер қолданушылары хабарламаны қашаннан бастап түзете алатыны да белгісіз. Алайда функция енді ғана әзірленіп жатқандықтан, бастапқыдағы кейбір жоспарлар өзгеруі мүмкін.
Жаңалықтар
0