Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаның оңтүстігіндегі өңірлер Ресейдің энергетика жүйесіне қосылады

© Sputnik / Владислав ВодневВысоковольтная линия электропередачи. Казахстан
Высоковольтная линия электропередачи. Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2022
Жазылу
Херсон және Запорожье облыстарында әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылды, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады, Қырыммен сауда байланысы қалпына келтіріліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Азат етілген Херсон және Запорожье облыстары Ресейдің энергетика жүйесіне қосылады, деп мәлімдеді Мемлекеттік Думадағы Қырым облысының депутаты Михаил Шеремет.
"Қазір Қырым мен Херсон облысы арасында қиратылған электр желілері мен газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларды қалпына келтіргеннен кейін азат етілген аймақтар Ресейдің энергетикалық жүйесіне қосылады. Жартылай арал Ресейге қосылғаннан кейін қиратылған Қырым мен Украинаның оңтүстігі арасындағы энергетикалық көпір мүмкіндігінше қысқа мерзімде қалпына келтіріледі", - деді Михаил Шеремет РИА Новости агенттігіне.
Оның айтуынша, Киев режимі кез келген уақытта азат етілген аймақтарды газдан немесе электр қуатынан ажыратуға әрекет жасауы мүмкін.
"Федералдық қызметтер Киев режимі диверсия жасаған жағдайда қабылданатын резерв жоспар әзірлеуге кірісіп кетті", - деді депутат.
Арнайы әскери операция барысында ресейлік әскерилер Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов маңы бөлігін бақылауға алды. Азат етілген өңірлер Ресей Федерациясының субъектісіне айналу туралы жоспарын жариялады.
Жаңалықтар
0