Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы қақтығыс салдарынан әлемде 13-15 млн адам аштыққа тап болады

© // Виталий АньковАштық
Аштық - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2022
Жазылу
Әсіресе, аштық аймағында болған және дағдарыстан енді ғана шыға бастаған елдерде жағдай ушығады
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым - Sputnik. БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы Украинадағы қақтығысқа байланысты әлемде шамамен 13-15 миллион адам аштық шегіне жетуі мүмкін деп болжайды. Бұл туралы ұйымның Ресеймен байланыс жөніндегі директоры Олег Кобяков РИА Новостиге айтты.
"Егер аштық статистикасының динамикасын алатын болсақ, пандемияға дейінгі 2019 жылы әлемде 690 миллион адам аштыққа тап болды. Келесі жылы бұл көрсеткіш 811 миллионға жетті. Бұл 120 миллион адам азық-түлікпен қамтамасыз етілу жағдайынан аштыққа дейінгі шектен өтіп кетті. Біздің болжамымыз бойынша биыл Украинадағы әскери іс-қимылдарға байланысты бұл көрсеткіш тағы 13-15 миллион адамға көбейеді", - деді Кобяков.
Оның айтуынша, әсіресе, аштық аймағында болған және дағдарыстан енді ғана шыға бастаған елдерде жағдай ушығады. Қарулы қақтығыстар, пандемия, экономикалық сілкініс, табиғи апаттарды бастан кешірген мемлекеттерге де қиын болады, деп түсіндірді ол.
Кобяков бүгінде "әлемдік қоғамдастықтың міндеті - Украинадағы қақтығыстың азық-түлік қауіпсіздігі үшін салдарын тоқтату" деген пікірде. Өйткені әлемдік аштықтың басқа да себептерін жою көп күш, қаражат пен уақытты қажет етеді.
Бұған дейін Рим Папасы Франциск астықты соғыс қаруы ретінде пайдаланбауға шақырды.
Мұхтар Тілеуберді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазақстан мен Украина СІМ басшылары қазіргі геосаяси жағдайды талқылады
Жаңалықтар
0