Өңірлер

Түркістан облысында 1500 оқушы "Балбырауын" күйін орындады

© Түркістан облысы әкімдігі ТҮРКІСТАНДА БІР МЕЗГІЛДЕ 1500 ОҚУШЫ КҮЙ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАНДА БІР МЕЗГІЛДЕ 1500 ОҚУШЫ КҮЙ ТАРТТЫ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2022
Жазылу
Шара "Балалар жылы" аясында ұйымдастырылды
АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Түркістан облысында 1500 оқушы "Балбырауын" күйін орындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан аймақтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстың өнерлі балалары "Dombyra Party" флеш-мобына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Халық көп шоғырланған ортада, ашық аспан астында ұйымдастырылған ауқымды шара қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш етті.
© Түркістан облысы әкімдігі ТҮРКІСТАНДА БІР МЕЗГІЛДЕ 1500 ОҚУШЫ КҮЙ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАНДА БІР МЕЗГІЛДЕ 1500 ОҚУШЫ КҮЙ ТАРТТЫ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2022
ТҮРКІСТАНДА БІР МЕЗГІЛДЕ 1500 ОҚУШЫ КҮЙ ТАРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Балалар жылына" орай өткізілетін "TURAN-BALAFEST" онкүндігі аясында өткізілетін 1 маусым — Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шарасы "Керуен сарай" көпсалалы кешенінде өтті.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев балаларды мерекемен құттықтап, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Одан бөлек Қазақстан эстрада жұлдыздары, "Заман" тобы және әнші Айдар Байжанов, Түркістан облысының талантты оқушылары өнерлерін көрсетті. Балаларға тегін балмұздақ пен тәттілер таратылды.
Сондай- ақ мерекеге орай "DRONE CHALLENGE" және "ROBO FEST" көрмесі ұйымдастырылып, жас қылқалам шеберлерінің салған таңдаулы суреттері насихатталды.
Жаңалықтар
0