https://sputnik.kz/20220602/turgyn-uy-bagdarlamalary-zhas-otbasylar-togzhanov-25253976.html
Тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде жас отбасылар үшін 25% квота енгізіледі – Тоғжанов
Тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде жас отбасылар үшін 25% квота енгізіледі – Тоғжанов
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов үкімет жастардың тұрғын үйпроблемасын қалай шешіп жатқанын баяндады. 02.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-02T20:05+0500
2022-06-02T20:05+0500
2022-06-02T20:05+0500
жастар
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24634525_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_8b7bdb7e00bd075e93c1747f585498fd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов үкімет жастардың тұрғын үйпроблемасын қалай шешіп жатқанын баяндады."Жастардың негізгі проблемаларының бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету. Біз 2025 жылға қарай тұрғын үй құрылысының барлық бағдарламасы шеңберінде жас отбасылар үшін 25% квота енгізуді көздеп отырмыз. Бүгінгі күні 3 өңірде іске асырылып жатқан "Отбасы банкінің" жеңілдетілген ипотека бағдарламасын барлық өңірде іске қосу жоспарланған", — деді Тоғжанов Жастар саясаты жөніндегі кеңестің, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен, жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесуінде.Сондай-ақ ол 2025 жылға дейін орта арнаулы кәсіптік білім беруді ақысыз ету жоспарланып отырғанын атап өтті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Вице-премьердің айтуынша, ондаған мың грант бөлінетін үздік халықаралық университеттер елімізде өз филиалдарын ашып жатыр. Сондай-ақ жас ғалымдарға да қолдау көрсетіледі. Үкімет жас ғалымдардың санын 50%-ке дейін арттыру міндетін қойды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24634525_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_9bd2c0d06c1e6a1e2102cb483c9f23cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар, тұрғын үй
Тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде жас отбасылар үшін 25% квота енгізіледі – Тоғжанов
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов үкімет жастардың тұрғын үйпроблемасын қалай шешіп жатқанын баяндады.
"Жастардың негізгі проблемаларының бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету. Біз 2025 жылға қарай тұрғын үй құрылысының барлық бағдарламасы шеңберінде жас отбасылар үшін 25% квота енгізуді көздеп отырмыз. Бүгінгі күні 3 өңірде іске асырылып жатқан "Отбасы банкінің" жеңілдетілген ипотека бағдарламасын барлық өңірде іске қосу жоспарланған", — деді Тоғжанов Жастар саясаты жөніндегі кеңестің, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен, жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесуінде.
Сондай-ақ ол 2025 жылға дейін орта арнаулы кәсіптік білім беруді ақысыз ету жоспарланып отырғанын атап өтті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Вице-премьердің айтуынша, ондаған мың грант бөлінетін үздік халықаралық университеттер елімізде өз филиалдарын ашып жатыр. Сондай-ақ жас ғалымдарға да қолдау көрсетіледі. Үкімет жас ғалымдардың санын 50%-ке дейін арттыру міндетін қойды.