https://sputnik.kz/20220602/ridder-esirtkin-video-25239710.html
Риддер тұрғыны ас үйде есірткінің үш түрін тығып қойған – видео
Риддер тұрғыны ас үйде есірткінің үш түрін тығып қойған – видео
Sputnik Қазақстан
Осы қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған 02.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-02T13:16+0500
2022-06-02T13:16+0500
2022-06-02T13:16+0500
өңірлер
риддер
есірткі
https://sputnik.kz/img/205/35/2053516_0:96:2214:1341_1920x0_80_0_0_0d5c257b9d1f82bab4aa3d8b32be2b6d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Риддер қаласының тұрғыны есірткі заттарын сақтағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап. Пәтерді тінту кезінде ас үйден ақ түсті ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған полимер пакет, қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат бар қорап пен қоңыр ұнтақ салынған пакет табылды. Электронды таразы да шықты. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар 2 грамм синтетикалық есірткі, 16 грамнан астам психотроптық зат, 3,05 грамм кептірілген марихуана және 6,10 грамм каннабис шайыры болып шықты. Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Айта кетері, осы қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
риддер
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/205/35/2053516_149:0:2065:1437_1920x0_80_0_0_e499bd7bff76e9ec28c193258fd5ad21.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
риддер, есірткі
Риддер тұрғыны ас үйде есірткінің үш түрін тығып қойған – видео
Осы қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Риддер қаласының тұрғыны есірткі заттарын сақтағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Пәтерді тінту кезінде ас үйден ақ түсті ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған полимер пакет, қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат бар қорап пен қоңыр ұнтақ салынған пакет табылды. Электронды таразы да шықты.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар 2 грамм синтетикалық есірткі, 16 грамнан астам психотроптық зат, 3,05 грамм кептірілген марихуана және 6,10 грамм каннабис шайыры болып шықты.
Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.