Референдум-2022: кім және қалай дауыс береді?

Жазылу
Қазақстанда 5 маусымда республикалық референдум өтеді
Республикалық референдум кезінде 11,7 миллион азамат дауыс бере алады.
18 жасқа толған азаматтар ғана дауыс береді.
Мына азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ:
сот әрекетке қабілетсіз деп таныған;
сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған.
Егер азамат тіркелген қаладан басқа жақта тұрса, онда ол өз учаскесіне келіп, есептен шығару туралы куәлік алуы керек. Әйтпесе дауыс бере алмайды.
Қазақстандықтарға қай учаскеде тізімде тұрғаны туралы смс-хабарлама келеді. Сол жақтан есептен шығару куәлігін алып, учаскені ауыстыруға болады.
Қазақстандықтарға Конституциядағы қандай өзгертулерге дауыс беру ұсынылғаны туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.
Жаңалықтар
0