https://sputnik.kz/20220602/ozbekstanda-qyz-er-adam-esim-25247363.html
Өзбекстанда қыз 20 жыл бойы ер адамның есімімен өмір сүрген
Өзбекстанда қыз 20 жыл бойы ер адамның есімімен өмір сүрген
Sputnik Қазақстан
Ол Мукаддам деген есімді таңдаған 02.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-02T16:02+0500
2022-06-02T16:02+0500
2023-08-09T09:42+0500
өзбекстан
қыз
танымал есімдер
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25247533_0:20:762:449_1920x0_80_0_0_5e234402a42da7190a9732798a6e737b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым - Sputnik. Өзбекстанда 20 жыл бойы ер адамның есімімен өмір сүрген қызға жаңа куәлік берілді, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан. Белгілі болғандай, қыз дүниеге келген кезде ата-анасы есімін қате жаздырған. Осылайша, қызға "Шафоатов Олим" деген куәлік берілген. Отбасы тұратын таулы ауыл аудан орталығынан 180 шақырым қашықтықта болғандықтан, құжат рәсімдеуге жете алмаған. Сондықтан ер адамның есімі қалып қойған.Қызға "Шафоатова Мукаддам Равшан қызы" деген атпен жеке куәлік берілген. Енді жылына екі рет таулы ауылдарда мобильді қабылдау өткізу жоспарланып отыр.АХАЖ-ның мобильді қабылдау кабинеті 4 жылдан бері шариғат бойынша ғана қосылған ерлі-зайыптылардың неке туралы куәлігін алуға көмектескен. Сонымен қатар, туу туралы куәлікті 17 баланың ата-анасы, ал неке қию туралы куәлікті тағы 8 отбасы алған.Мобильді қабылдау бөлімінің қызметкерлері көптеген азаматқа заңгерлік кеңес берген.
https://sputnik.kz/20200412/qazaq-balasy-esider-13662597.html
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25247533_0:0:762:573_1920x0_80_0_0_56d0af67f3a0e31655cbd187488ca942.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, қыз, танымал есімдер
өзбекстан, қыз, танымал есімдер
Өзбекстанда қыз 20 жыл бойы ер адамның есімімен өмір сүрген
16:02 02.06.2022 (жаңартылды: 09:42 09.08.2023) Ол Мукаддам деген есімді таңдаған
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым - Sputnik. Өзбекстанда 20 жыл бойы ер адамның есімімен өмір сүрген қызға жаңа куәлік берілді, деп хабарлайды
Sputnik Өзбекстан.
Белгілі болғандай, қыз дүниеге келген кезде ата-анасы есімін қате жаздырған. Осылайша, қызға "Шафоатов Олим" деген куәлік берілген. Отбасы тұратын таулы ауыл аудан орталығынан 180 шақырым қашықтықта болғандықтан, құжат рәсімдеуге жете алмаған. Сондықтан ер адамның есімі қалып қойған.
"Кеш болса да, бұл қателік түзетілді", - дейді Дехканабад ауданының АХАЖ бөлімінің бастығы Озода Ашурова.
Қызға "Шафоатова Мукаддам Равшан қызы" деген атпен жеке куәлік берілген. Енді жылына екі рет таулы ауылдарда мобильді қабылдау өткізу жоспарланып отыр.
АХАЖ-ның мобильді қабылдау кабинеті 4 жылдан бері шариғат бойынша ғана қосылған ерлі-зайыптылардың неке туралы куәлігін алуға көмектескен. Сонымен қатар, туу туралы куәлікті 17 баланың ата-анасы, ал неке қию туралы куәлікті тағы 8 отбасы алған.
Мобильді қабылдау бөлімінің қызметкерлері көптеген азаматқа заңгерлік кеңес берген.