Қоғам

Биыл алғашқы үш айда елдегі жұмыссыздар саны артты

© Sputnik / Владислав ВодневЕңбек кітапшасы
Еңбек кітапшасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2022
Жазылу
Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі, керісінше, қысқарды
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Биыл І тоқсан қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны 453,1 мың адамға жетті. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады.
Биыл 1 тоқсан қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны 453,1 мың адамға жетті. Өткен тоқсанмен салыстырғанда 2,7 мың адамға (+0,6%), ал өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,9 мың адамға (+0,4%) артты.
Жұмыссыздардың 54%-і әйелдер, 46%-і ерлер. Сондай-ақ, жұмыссыздық деңгейі 4,9% шамасында сақталып отыр.
Айта кетері, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі былтыр жыл соңынан бастап 3,7%-тен 3,9%-ке дейін өсті. Ал әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі, керісінше, 5,4% -ке дейін қысқарды.
Өңірлер бойынша жұмыссыздық деңгейі Түркістан (5,2%) және Жамбыл облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында (5,1%) орташа республикалық деңгейден жоғары.
Бұл ретте сәуір айының басында тіркелген жұмыссыздар саны 174 мың адам немесе 1,9%. Сонымен қатар, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі Маңғыстау (4,2%), Түркістан (3,9%), Қызылорда (3,7%) және Батыс Қазақстан облыстарында (3,5%) тіркеліп отыр.
Ақша, тиын, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Қоғам
Жұмыссыз қалған кезде берілетін әлеуметтік төлемді кім және қалай алады
Жаңалықтар
0