https://sputnik.kz/20220602/astanalyq-137-million-tenge-25231093.html
Полиция елорда тұрғыны 137 млн теңгесінен қалай айырылғанын айтып берді
Полиция елорда тұрғыны 137 млн теңгесінен қалай айырылғанын айтып берді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде ұсталған алаяқ тергеу изоляторына қамалды 02.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-02T09:34+0500
2022-06-02T09:34+0500
2022-06-02T09:34+0500
елорда тынысы
миллион теңге
полиция
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893650_0:0:3562:2004_1920x0_80_0_0_a34d74663b0e5fe57c4d7733d7329f80.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны алаяқтарға алданып, түрлі шоттарға 137 миллион теңге аударып берген. Полиция осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Ресей азаматын ұстады, екеуі қашып үлгерді, деп хабарлайды Polisia.kz. Полицияға түскен арызға сәйкес, ер адамға екі адам қоңырау шалған. Біреуі өзін қала прокурорының орынбасары деп таныстырса, артынан тағы бір әйел хабарласып, қаржылық бақылау бөлімінің қызметкері атынан сөйлескен. Екеуі де алаяқтардың шоттан ақша алуға тырысып жатқанын, ал қаржыны сақтап қалу үшін банктің кепілдік шотына шұғыл аудару қажеттігін жеткізген.Жәбірленуші сеніп қалған. 137 094 000 теңгесі 15 рет түрлі шоттарға аударып жіберген. Қылмыстық топ алдымен жалған тұлғаларға банк карталарын ашқан. Бір айдың ішінде әртүрлі банкте 35 карта рәсімдеген. Ал ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, АҚШ долларына айырбастаған. Кейін криптовалютаға ауыстырып, Ресейге жіберіп отырған. Қазіргі кезде ұсталған алаяқ тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі ("аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау фактісі") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893650_507:0:3187:2010_1920x0_80_0_0_472a726644b70434bd1615817d9ada15.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
миллион теңге, полиция
Полиция елорда тұрғыны 137 млн теңгесінен қалай айырылғанын айтып берді
Қазіргі кезде ұсталған алаяқ тергеу изоляторына қамалды
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны алаяқтарға алданып, түрлі шоттарға 137 миллион теңге аударып берген. Полиция осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Ресей азаматын ұстады, екеуі қашып үлгерді, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Полицияға түскен арызға сәйкес, ер адамға екі адам қоңырау шалған. Біреуі өзін қала прокурорының орынбасары деп таныстырса, артынан тағы бір әйел хабарласып, қаржылық бақылау бөлімінің қызметкері атынан сөйлескен. Екеуі де алаяқтардың шоттан ақша алуға тырысып жатқанын, ал қаржыны сақтап қалу үшін банктің кепілдік шотына шұғыл аудару қажеттігін жеткізген.
Жәбірленуші сеніп қалған. 137 094 000 теңгесі 15 рет түрлі шоттарға аударып жіберген.
"Жедел-іздестіру кезінде күдіктілердің біреуі – Ресейдің 33 жастағы азаматы ұсталды. Қылмыстық топтың екі қатысушысы республикадан тыс жерде жасырынып үлгерген. Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жүргізілуде", - дейді полицейлер.
Қылмыстық топ алдымен жалған тұлғаларға банк карталарын ашқан. Бір айдың ішінде әртүрлі банкте 35 карта рәсімдеген. Ал ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, АҚШ долларына айырбастаған. Кейін криптовалютаға ауыстырып, Ресейге жіберіп отырған.
Қазіргі кезде ұсталған алаяқ тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі ("аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау фактісі") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.