https://sputnik.kz/20220602/almaty-oblysynda-poyyz-zhenil-kolikti-soqty--video---25242808.html
Алматы облысында пойыз жеңіл көлікті соқты
Алматы облысында пойыз жеңіл көлікті соқты
Sputnik Қазақстан
30 жастағы жолаушы әйел зардап шеккені хабарланды 02.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-02T14:46+0500
2022-06-02T14:46+0500
2022-06-02T14:59+0500
оқиға
алматы облысы
пойыз
жеңіл көлік
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/14/15523068_5:0:3646:2048_1920x0_80_0_0_488a543f48a11f14045512198b8a5a34.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Шамалған-Боралдай тасжолындағы теміржол өткелінде пойыз жеңіл көлікті соқты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 1 маусымда Қарасай ауданындағы Жармұхамбет ауылына жақын жерде болған. "ВАЗ-2107" маркалы көліктің 32 жастағы жүргізушісі теміржол өткелі арқылы өтемін дегенде пойыз астына түскен. Көлік жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы, 1-бөлігі ("Көлiк жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiктің немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы") бойынша әкімішілік хаттама рәсімделді. Іс әкімшілік сотта қаралады. Айта кетері, осы бапта 20 айлық есептiк көрсеткiш (63 600 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/14/15523068_862:0:3593:2048_1920x0_80_0_0_b93e058e05b2b6cdae0f47f71206a06c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, пойыз, жеңіл көлік
алматы облысы, пойыз, жеңіл көлік
Алматы облысында пойыз жеңіл көлікті соқты
14:46 02.06.2022 (жаңартылды: 14:59 02.06.2022) 30 жастағы жолаушы әйел зардап шеккені хабарланды
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Шамалған-Боралдай тасжолындағы теміржол өткелінде пойыз жеңіл көлікті соқты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес,
жол апаты 1 маусымда Қарасай ауданындағы Жармұхамбет ауылына жақын жерде болған. "ВАЗ-2107" маркалы көліктің 32 жастағы жүргізушісі теміржол өткелі арқылы өтемін дегенде пойыз астына түскен.
"Жол апатында 30 жастағы жолаушы зардап шекті. Әйел басын қатты соғып алды, қолы сынған. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер үйінде емделуге рұқсат берді", - деді полицейлер.
Көлік жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы, 1-бөлігі ("Көлiк жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiктің немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы") бойынша әкімішілік хаттама рәсімделді. Іс әкімшілік сотта қаралады.
Айта кетері, осы бапта 20 айлық есептiк көрсеткiш (63 600 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.