https://sputnik.kz/20220602/almaty-oblysy-darigerler-et-tartqysh-25234646.html
Алматы облысында дәрігерлер қолын ет тартқышқа турап алған бүлдіршінді аман алып қалды
Алматы облысында дәрігерлер қолын ет тартқышқа турап алған бүлдіршінді аман алып қалды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта бүлдіршін интенсивті терапия бөлімінде жатыр 02.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-02T10:49+0500
2022-06-02T10:49+0500
2022-06-02T10:49+0500
өңірлер
алматы облысы
бала
жансақтау бөлімі
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы орталық аурухананың қабылдау бөліміне оң қолын жұмыс істеп тұрған электр ет тартқышқа турап алған бір жарым жасар қыз түсті. Ақ халаттылар балаға ота жасап, оның қолындағы барлық тамырларын жалғап, дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, бүлдіршін жарақаттан қатты зардап шеккен. Дәрігерлер қыздың өмірін ғана емес, жарақаттанған қолын да сақтап қалуға бекінді. Циркуляциялық қанды қалпына келтіру бойынша реанимациялық іс-шаралар қолға алынды. Одан бөлек өмір сүру үшін маңызды функцияларды және зардап шеккен дене мүшесін қалпына келтіру бойынша ота жасалды. Сондай-ақ мамандар бұл оқиға ата-аналар балаларын қырағы бақылап, қадағалау қажет екенін ескертті.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, бала, жансақтау бөлімі
алматы облысы, бала, жансақтау бөлімі
Алматы облысында дәрігерлер қолын ет тартқышқа турап алған бүлдіршінді аман алып қалды
Қазіргі уақытта бүлдіршін интенсивті терапия бөлімінде жатыр
АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы орталық аурухананың қабылдау бөліміне оң қолын жұмыс істеп тұрған электр ет тартқышқа турап алған бір жарым жасар қыз түсті.
Ақ халаттылар балаға ота жасап, оның қолындағы барлық тамырларын жалғап, дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, бүлдіршін жарақаттан қатты зардап шеккен. Дәрігерлер қыздың өмірін ғана емес, жарақаттанған қолын да сақтап қалуға бекінді.
Циркуляциялық қанды қалпына келтіру бойынша реанимациялық іс-шаралар қолға алынды. Одан бөлек өмір сүру үшін маңызды функцияларды және зардап шеккен дене мүшесін қалпына келтіру бойынша ота жасалды.
"Отаны Талғар аудандық орталық аурухананың білікті дәрігерлері мен операциялық қызметкерлері жасады. Қазір науқас интенсивті терапия бөліміндегі палатада жатыр. Оның жағдайын реаниматолог дәрігерлер бақылап отыр", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Аубакирова.
Сондай-ақ мамандар бұл оқиға ата-аналар балаларын қырағы бақылап, қадағалау қажет екенін ескертті.