Спорт

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТеннис.
Теннис. - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2022
Жазылу
Қазақстандық әйелдер сәуір айында командалық әлем чемпионаты біліктілігінде Германия командасын 3:1 есебімен жеңіп, турнирдің финалдық раундына шықты
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым - Sputnik. Әйелдер ұлттық құрамасы жаңартылған Билли Джин Кинг кубогының рейтингінде 16-шы орыннан 9-шы орынға көтерілді.
Қазақстан құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша елдерінің командаларын басып озды. Қазақстандықтар сәуір айында командалық әлем чемпионаты біліктілігінде Германия командасын 3:1 есебімен жеңіп, биыл қарашада өтетін турнирдің финалдық раундына шықты.
Әлемдік рейтингтің көшбасшысы - Австралия құрамасы.
Billie Jean King Cup-тің ондығы:
1.
Австралия - 1002,71;
2.
Франция-885,6;
3.
Испания-884,62;
4.
Чехия-842,92;
5.
Швейцария - 881,81;
6.
Канада-780,09;
7.
АҚШ - 758,09;
8.
Словакия - 744,23;
9.
Қазақстан - 704,75;
10.
Германия - 702,52.
Жаңалықтар
0