Өңірлер

Семей орманында 160 гектар аумақ өртке оранды

© Photo : Facebook/ Сакен ДилдахметСемей Орманы
Семей Орманы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2022
Жазылу
лдын ала себебі бойынша өрт найзағайдан басталған
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Семейде орманы өрті 160 гектарды құрады деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
"Семей орманы" Жаңа-Семей филиалы Подгороднее орманшылығында өрт шықты. Аумағы шамамен 160 га құрады. Өртті сөндіруге 140 адам мен 34 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, оқиға орнына қосымша ТЖМ №68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдары шықты", - делінген хабарламада.
Алдын ала себебі бойынша өрт найзағайдан басталды деген нұсқа қарастырылуда.
Жаңалықтар
0