https://sputnik.kz/20220601/qazaqstan-resey-belarus-zhuk-tasymaldaushylar-25208585.html
Қазақстан Ресей мен Беларусь жүк тасымалдаушыларының қызметіне шектеу қоймайды
Қазақстан Ресей мен Беларусь жүк тасымалдаушыларының қызметіне шектеу қоймайды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ресей мен Беларусь жүк тасымалдаушыларына қатысты қабылданған шешім туралы... 01.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-01T11:30+0500
2022-06-01T11:30+0500
2023-08-09T10:10+0500
кеден
жүк
https://sputnik.kz/img/09/18/091814_0:75:3320:1943_1920x0_80_0_0_baf11020293ecfc0d71d4782b0e07075.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ресей мен Беларусь жүк тасымалдаушыларына қатысты қабылданған шешім туралы хабарлады.Ведомствоның мәліметінше, халықаралық автомобиль тасымалы саласындағы әлемдік тәжірибеге сәйкес, ұлттық автомобиль тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау мақсатында ішкі заңнамада үшінші елдерге/елдерден жүк тасымалына, оның ішінде "қайта тиеу" бойынша шектеулер енгізіледі.Қазақстанда аталған талаптар 2017 жылы енгізілді.Осы талаптарды бұзғаны үшін Қазақстанда 200 АЕК (АТС жүргізушілеріне) және 500 АЕК (заңды тұлғаларға) мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Бұл ретте, "қайта тиеуге" тыйым салатын талаптар шетелдік тасымалдаушылармен қатар қазақстандық тасымалдаушыларға да бірдей дәрежеде қолданылады. Ресей Федерациясында осы норманы бұзғаны үшін 150 000 рубль көлемінде айыппұл қарастырылған.Айта кетері, қазіргі геосаяси жағдайға байланысты таяуда ресейлік және беларусьтік уәкілетті органдар қазақстандық тарапты хабардар етпей, 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін "қайта тиеуге" тыйым салу туралы талаптардың әрекет етуін тоқтатқан.Осыған байланысты Қазақстанда "қайта тиеуге" тыйым салу туралы талап қолданыста екенін айта кеткен жөн.Осы ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында Үшінші елдерге/елдерден халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде қайта тиеуді жүзеге асыру мүмкіндігіне шектеу қойылмайды. Аталған мақсаттарда рұқсат беретін арнайы құжат алу қажет.Бүгінде Қазақстан Республикасында Қазақстаннан Еуропа елдеріне жүк тасымалдайтын 40-қа жуық компания тіркелген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/09/18/091814_430:0:3161:2048_1920x0_80_0_0_3de8f4a246d330e2b7cd9844c55edfdc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кеден, жүк
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ресей мен Беларусь жүк тасымалдаушыларына қатысты қабылданған шешім туралы хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, халықаралық автомобиль тасымалы саласындағы әлемдік тәжірибеге сәйкес, ұлттық автомобиль тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау мақсатында ішкі заңнамада үшінші елдерге/елдерден жүк тасымалына, оның ішінде "қайта тиеу" бойынша шектеулер енгізіледі.
Қазақстанда аталған талаптар 2017 жылы енгізілді.
Осы талаптарды бұзғаны үшін Қазақстанда 200 АЕК (АТС жүргізушілеріне) және 500 АЕК (заңды тұлғаларға) мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Бұл ретте, "қайта тиеуге" тыйым салатын талаптар шетелдік тасымалдаушылармен қатар қазақстандық тасымалдаушыларға да бірдей дәрежеде қолданылады. Ресей Федерациясында осы норманы бұзғаны үшін 150 000 рубль көлемінде айыппұл қарастырылған.
Айта кетері, қазіргі геосаяси жағдайға байланысты таяуда ресейлік және беларусьтік уәкілетті органдар қазақстандық тарапты хабардар етпей, 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін "қайта тиеуге" тыйым салу туралы талаптардың әрекет етуін тоқтатқан.
Осыған байланысты Қазақстанда "қайта тиеуге" тыйым салу туралы талап қолданыста екенін айта кеткен жөн.
"2022 жылдың 30 мамырында Қазақстан мен РФ үкімет басшыларының кездесуі барысында "қайта тиеуге" тыйым салу талаптарының әрекет етуін тоқтата тұру туралы хабарламаны талқылағаннан кейін, Қазақстан тарапы түсіністік танытып, болған жағдайды тиімді шешуді ұсынды. "Қайта тиеуге" тыйым салу туралы талап келесі жылдың басына дейін беларусьтік және ресейлік тасымалдаушыларға да қатысты қолданылмайды", - деп хабарлады ИИДМ.
Осы ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында Үшінші елдерге/елдерден халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде қайта тиеуді жүзеге асыру мүмкіндігіне шектеу қойылмайды. Аталған мақсаттарда рұқсат беретін арнайы құжат алу қажет.
Бүгінде Қазақстан Республикасында Қазақстаннан Еуропа елдеріне жүк тасымалдайтын 40-қа жуық компания тіркелген.