Қыркүйекте Ресейде Қазақстанның мәдениет күндері өтеді

© SputnikҚазақстан мен Ресей тулары
Қазақстан мен Ресей тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2022
Жазылу
Іс-шаралар Мәскеу, Астрахань және Қазан қалаларында жоспарланған
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым — Sputnik. Биыл Ресейде Қазақстанның мәдениет күндері өтеді, деп хабарлады Ресей президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой.
"Екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай 13 қыркүйектен бастап Ресейде Қазақстанның мәдениет күндері болады. Бұл біздің мәдени байланысымызға серпін береді деп ойлаймын", - деді Швыдкой Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Шара аясында екі елдің мәдениет қайраткерлері мен мәдениет министрлерінің кездесулері өтеді.
"Бұл көптеген адам қызығушылық танытып отырған кең ауқымды оқиға. Менің ойымша, байланысымыз жақсара түседі", - деп қосты Швыдкой.
Михаил Швыдкой қазір Қазақстанда сапармен жүр. Ол мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің басшыларымен кездесулер өткізді.
Жаңалықтар
0