https://sputnik.kz/20220601/qazaqstan-1-mausym-ne-ozgeredi-25195936.html
Қазақстанда 1 маусымнан бастап не өзгереді
Қазақстанда 1 маусымнан бастап не өзгереді
Sputnik Қазақстан
Маусым айының алғашқы жексенбісінде елде жалпыхалықтық референдум өтеді, сондай-ақ бір аптадан кейін президенттің жаңа үш облыс құру туралы жарлығы күшіне... 01.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-01T08:01+0500
2022-06-01T08:01+0500
2022-06-01T08:01+0500
қоғам
маусым
өзгерістер
https://sputnik.kz/img/07e6/05/19/25064620_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_2581d6c7d2b762ee89cf9b6e10871497.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстандықтарды маусым айында қандай өзгерістер күтіп тұрғаны жайлы толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.Республикалық референдум5 маусым күні Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.18 жасқа толған қазақстандықтар жексенбі күні жергілікті уақытпен таңғы 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде 11 миллионнан астам сайлаушы бар.Қазір қазақстандықтарға алдағы референдум туралы СМС-хабарлама келіп жатыр. Кез келген азамат сол жерден өз ЖСН-ін жазып, қандай учаскеде дауыс беретінін біле алады.Референдум арқылы Ата заңның 33 бабына 56 түзету енгізу көзделіп отыр.Мәселен, жер мен оның байлығы халықтың меншігі етіп жарияланады. Халықтың атынан жерге мемлекет иелік етеді. Сондай-ақ, президенттікке екі мерзімнен артық сайлануға жол берілмейді. Бұған қоса, президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметте лауазым иеленуге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушы қызметін атқаруға да тыйым салынады. Сонымен қатар, 91-баптан Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, тұңғыш президент – Елбасы мен оның статусын алып тастау көзделген.Бюллетеньде сайлаушыға бір ғана сұрақ қойылады:"2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?".Оған "иә" немесе "жоқ" деп дауыс беру керек.Айта кетері, республикалық референдумды өткізуге бюджеттен 16 млрд теңге бөлініп отыр.Соңғы рет жалпыхалықтық референдум 27 жыл бұрын, қолданыстағы Ата заң қабылданған кезде өткізілді. Содан бері барлық түзету мен өзгеріс Конституцияға парламент арқылы енгізіліп келді.Енді 17 емес, 20 өңір8 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа облыстардың әкімшілік құрылысына қатысты жарлығы күшіне енеді.Енді Қазақстанда 17 емес, барлығы 20 өңір болады. Жаңадан Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары қосылады.Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Абай облысы бөлініп шығады. Орталығы Семей болады. Абай облысына Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандары, Семей және Курчатов қалалары кіреді.Қарағанды облысының құрамынан Ұлытау облысы бөлінеді. Әкімшілік орталығы – Жезқазған. Ұлытау облысына Жаңаарқа, Ұлытау аудандары, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалары кіреді.Алматы облысы екіге бөлінеді. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында (бұрынғы Қапшағай), ал Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады. Жетісу облысының құрамына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған және Текелі қалалары қосылады.Грекия мен Черногорияға әуе рейстері ашылады1 маусымнан бастап қазақстандықтар Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Грекияның Ираклион қаласына ұша алады.Әуе рейстерін қазақстандық Air Astana компаниясы іске қосады. Рейстер екі қаладан аптасына үш рет орындалады. Жолаушылар А-321NEO типті ұшағымен тасымалданады.Сондай-ақ 1 маусымнан бастап Air Astana Черногорияға тұрақты әуе рейстерін ашады.Черногория астанасы Подгорицаға жолаушыларды жаңа жайлы Airbus 321LR лайнері тасымалдайды. Рейстер Нұр-Сұлтаннан бейсенбі және жексенбі күндері, ал Алматыдан дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері ұшады.Екі бағыттағы билет құны, салықпен қоса есептегенде, эконом-класта 252 255 теңгеден, ал бизнес-класта 753 565 теңгеден басталады. Черногорияға барғысы келетін жолаушыларға ПТР-анықтама мен вакцинация паспорты қажет емес.Айта кетері, Қазақстан азаматтары Черногорияда 30 күнге дейін визасыз бола алады.Ақылы автотұрақ іске қосылады1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда Иманов көшесі бойындағы тұрақ аймақтары ақылы болады.Осы ауданда 16 жаңа аймақ іске қосылады: барлығы 252 тұрақ орны бар 4101-4119 аймақтары.Автотұрақ шекарасындағы үйлердің тұрғындарына жеңілдік жасалады. Олар айына 1500 теңге тұратын резиденттік абонемент сатып ала алады. Құжат тізімі мен рәсімдеу жөніндегі нұсқаулық astanapark.kz сайтындағы "Резиденттер" бөлімінде жарияланған.Ақылы автотұрақтар жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін істейді. Ал демалыс және мереке күндері тұрақ тегін.Ресейлік пойыздар Петропавлға тоқтайдыБүгін, 1 маусымнан бастап Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін Ресейдің алыс жолға қатынайтын пойыздары жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін Петропавл станциясына тоқтайды.Бұдан бөлек, маусым айында қозғалыс кестесіне тағы үш пойыз оралады: 2 маусымнан бастап – № 84/83 Қарағанды – Самара, 3 маусымнан бастап – № 145/146 Қарағанды – Омбы және 6 маусымнан бастап – № 113/114 Алматы– Қазан. Бұл пойыздар коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған болатын.Жыл соңына дейін Ресейден Қазақстанға және кері қайту билеттеріне 15%-тен 45%-ке дейін жеңілдік жасалады.Пойыз арқылы Қазақстанға келген барлық жолаушыдан теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама талап етіледі. Оның мерзімі 72 сағаттан аспауға тиіс. 5 жасқа дейінгі балаларға ПТР-тест қажет емес.Алматылық балалар қоғамдық көлікпен бір күн тегін жүредіБүгін, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай Алматы әкімдігі балаларға сый жасады.16 жасқа дейінгі балалар бүгін қаланың қоғамдық көлігімен (автобус, троллейбус, метро) тегін жүреді.Қазақстандықтар бұл күні демалмайды, бірақ өңірлерде балаларға арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
https://sputnik.kz/20220517/referendum-nur-sultan-malimet-onlayn-24854555.html
https://sputnik.kz/20220512/qazaqstan--germaniya-aue-reysteri-24772584.html
https://sputnik.kz/20220523/qazaqstan-resey-qosymsha-poyyzdar-24987021.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/19/25064620_993:313:2963:1791_1920x0_80_0_0_66f8157ee3a9c89235e5abcb508ee45e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маусым, өзгерістер
Қазақстанда 1 маусымнан бастап не өзгереді
Маусым айының алғашқы жексенбісінде елде жалпыхалықтық референдум өтеді, сондай-ақ бір аптадан кейін президенттің жаңа үш облыс құру туралы жарлығы күшіне енеді
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстандықтарды маусым айында қандай өзгерістер күтіп тұрғаны жайлы толығырақ
Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
5 маусым күні Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.
18 жасқа толған қазақстандықтар жексенбі күні жергілікті уақытпен таңғы 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде 11 миллионнан астам сайлаушы бар.
Қазір қазақстандықтарға алдағы референдум туралы СМС-хабарлама келіп жатыр. Кез келген азамат сол жерден өз ЖСН-ін жазып, қандай учаскеде дауыс беретінін біле алады.
Референдум арқылы Ата заңның 33 бабына 56 түзету енгізу көзделіп отыр.
Мәселен, жер мен оның байлығы халықтың меншігі етіп жарияланады. Халықтың атынан жерге мемлекет иелік етеді. Сондай-ақ, президенттікке екі мерзімнен артық сайлануға жол берілмейді. Бұған қоса, президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметте лауазым иеленуге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушы қызметін атқаруға да тыйым салынады. Сонымен қатар, 91-баптан Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, тұңғыш президент – Елбасы мен оның статусын алып тастау көзделген.
Бюллетеньде сайлаушыға бір ғана сұрақ қойылады:
"2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?".
Оған "иә" немесе "жоқ" деп дауыс беру керек.
Айта кетері, республикалық референдумды өткізуге бюджеттен 16 млрд теңге бөлініп отыр.
Соңғы рет жалпыхалықтық референдум 27 жыл бұрын, қолданыстағы Ата заң қабылданған кезде өткізілді. Содан бері барлық түзету мен өзгеріс Конституцияға парламент арқылы енгізіліп келді.
8 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа облыстардың әкімшілік құрылысына қатысты жарлығы күшіне енеді.
Енді Қазақстанда 17 емес, барлығы 20 өңір болады. Жаңадан Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары қосылады.
Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Абай облысы бөлініп шығады. Орталығы Семей болады. Абай облысына Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандары, Семей және Курчатов қалалары кіреді.
Қарағанды облысының құрамынан Ұлытау облысы бөлінеді. Әкімшілік орталығы – Жезқазған. Ұлытау облысына Жаңаарқа, Ұлытау аудандары, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалары кіреді.
Алматы облысы екіге бөлінеді. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында (бұрынғы Қапшағай), ал Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады. Жетісу облысының құрамына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған және Текелі қалалары қосылады.
Грекия мен Черногорияға әуе рейстері ашылады
1 маусымнан бастап қазақстандықтар Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Грекияның Ираклион қаласына ұша алады.
Әуе рейстерін қазақстандық Air Astana компаниясы іске қосады. Рейстер екі қаладан аптасына үш рет орындалады. Жолаушылар А-321NEO типті ұшағымен тасымалданады.
Сондай-ақ 1 маусымнан бастап Air Astana Черногорияға тұрақты әуе рейстерін ашады.
Черногория астанасы Подгорицаға жолаушыларды жаңа жайлы Airbus 321LR лайнері тасымалдайды. Рейстер Нұр-Сұлтаннан бейсенбі және жексенбі күндері, ал Алматыдан дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері ұшады.
Екі бағыттағы билет құны, салықпен қоса есептегенде, эконом-класта 252 255 теңгеден, ал бизнес-класта 753 565 теңгеден басталады. Черногорияға барғысы келетін жолаушыларға ПТР-анықтама мен вакцинация паспорты қажет емес.
Айта кетері, Қазақстан азаматтары Черногорияда 30 күнге дейін визасыз бола алады.
Ақылы автотұрақ іске қосылады
1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда Иманов көшесі бойындағы тұрақ аймақтары
ақылы болады.Осы ауданда 16 жаңа аймақ іске қосылады: барлығы 252 тұрақ орны бар 4101-4119 аймақтары.
Автотұрақ шекарасындағы үйлердің тұрғындарына жеңілдік жасалады. Олар айына 1500 теңге тұратын резиденттік абонемент сатып ала алады. Құжат тізімі мен рәсімдеу жөніндегі нұсқаулық
astanapark.kz сайтындағы "Резиденттер" бөлімінде жарияланған.
Ақылы автотұрақтар жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін істейді. Ал демалыс және мереке күндері тұрақ тегін.
Ресейлік пойыздар Петропавлға тоқтайды
Бүгін, 1 маусымнан бастап Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін Ресейдің алыс жолға қатынайтын пойыздары жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін Петропавл станциясына тоқтайды.
Бұдан бөлек, маусым айында қозғалыс кестесіне тағы үш пойыз оралады: 2 маусымнан бастап – № 84/83 Қарағанды – Самара, 3 маусымнан бастап – № 145/146 Қарағанды – Омбы және 6 маусымнан бастап – № 113/114 Алматы– Қазан. Бұл пойыздар коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған болатын.
Жыл соңына дейін Ресейден Қазақстанға және кері қайту билеттеріне 15%-тен 45%-ке дейін жеңілдік жасалады.
Пойыз арқылы Қазақстанға келген барлық жолаушыдан теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама талап етіледі. Оның мерзімі 72 сағаттан аспауға тиіс. 5 жасқа дейінгі балаларға ПТР-тест қажет емес.
Алматылық балалар қоғамдық көлікпен бір күн тегін жүреді
Бүгін, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай Алматы әкімдігі балаларға сый жасады.
16 жасқа дейінгі балалар бүгін қаланың қоғамдық көлігімен (автобус, троллейбус, метро) тегін жүреді.
Қазақстандықтар бұл күні демалмайды, бірақ өңірлерде балаларға арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.