https://sputnik.kz/20220601/qantar-oqigasy-askeriler-qalqan-25223248.html
Қаңтар оқиғасы: бүлікшілер әскерилерді тірі қалқан ретінде пайдаланған
Қаңтар оқиғасы: бүлікшілер әскерилерді тірі қалқан ретінде пайдаланған
Sputnik Қазақстан
Бүлікшілердің басым бөлігі мас болғанын және есірткі шеккен 01.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-01T16:53+0500
2022-06-01T16:53+0500
2022-06-01T16:54+0500
қоғам
алматы
тәртіпсіздік
әскерилер
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094798_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_1b5c8c3d11b26baf1f25d6463e41abce.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы президент резиденциясына қалай шабуыл жасалғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Айтуынша, қала әкімдігін басып алғаннан кейін, қылмыскерлер президент резиденциясына бет алған. Шабуыл жасаудың белсенді кезеңі түскі 15.00-ден 16.00-ге дейін болған. Ол бүлікшілердің басым бөлігі мас болғанын және есірткі шеккенін атап өтті. Айтуынша, қараңғы және қалың тұман түсуіне байланысты құқық қорғау органдары ғимаратты қорғай алмаған. Өйткені бейбіт тұрғындар қаза табуы мүмкін еді. "Сағат 19.25-те резиденция қоршауын Камазбен бұзып, қарулы топ ішке кірді. Резиденцияны басып алу билікті құлату кезеңдерінің бірі ретінде ойластырылған. Себебі мұндай ғимарат пен әкімдікті басып алу қаланың мемлекеттік басқару жүйесінде хаос тудыру және халықтың өз қауіпсіздігі үшін дабыл қағуы үшін қажет болды", - деді ол. Қауіпсіздік күштерінің ескертуіне қарамастан, қылмыскерлер шабуылды тоқтатпай, оларға қарсы атыс қаруын қолданған. Бас прокуратураның мәліметінше, қазіргі таңда резиденцияға жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде көз жұмған 12 адам терроризм актісін жасағаны үшін күдікті деп танылды. Ғимаратты қирату, өртеу және қарулы шабуыл салдарынан Алматы қаласына алдын ала болжам бойынша 98 млрд теңге шығын келді. Оның ішінде 1592 бизнес субъектісіне 92 млрд теңге залал келтірілген. Күштік құрылымдардың 9 қызметкері қаза болып, 2260-ы дене жарақатын алды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094798_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_750cb0dd181dc5aa6a0c9ba781bb9c26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тәртіпсіздік, әскерилер
алматы, тәртіпсіздік, әскерилер
Қаңтар оқиғасы: бүлікшілер әскерилерді тірі қалқан ретінде пайдаланған
16:53 01.06.2022 (жаңартылды: 16:54 01.06.2022) Бүлікшілердің басым бөлігі мас болғанын және есірткі шеккен
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы президент резиденциясына қалай шабуыл жасалғанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, қала әкімдігін басып алғаннан кейін, қылмыскерлер президент резиденциясына бет алған. Шабуыл жасаудың белсенді кезеңі түскі 15.00-ден 16.00-ге дейін болған.
"Шабуылдаушылар өздері басып алған арнайы техникаларды пайдаланып, ғимараттың қақпасы мен қоршауына кемінде 5 таран жасады. Шабуыл кезінде қару дүкендерінен ұрланған қару-жарақ қолданды. Әкімдікке шабуыл жасау кезінде тұтқынға алған әскери қызметшілерді тірі қалқан ретінде пайдаланды", - деді Қилымжанов брифингте.
Ол бүлікшілердің басым бөлігі мас болғанын және есірткі шеккенін атап өтті.
Айтуынша, қараңғы және қалың тұман түсуіне байланысты құқық қорғау органдары ғимаратты қорғай алмаған. Өйткені бейбіт тұрғындар қаза табуы мүмкін еді.
"Сағат 19.25-те резиденция қоршауын Камазбен бұзып, қарулы топ ішке кірді. Резиденцияны басып алу билікті құлату кезеңдерінің бірі ретінде ойластырылған. Себебі мұндай ғимарат пен әкімдікті басып алу қаланың мемлекеттік басқару жүйесінде хаос тудыру және халықтың өз қауіпсіздігі үшін дабыл қағуы үшін қажет болды", - деді ол.
Қауіпсіздік күштерінің ескертуіне қарамастан, қылмыскерлер шабуылды тоқтатпай, оларға қарсы атыс қаруын қолданған.
Бас прокуратураның мәліметінше, қазіргі таңда резиденцияға жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде көз жұмған 12 адам терроризм актісін жасағаны үшін күдікті деп танылды.
Ғимаратты қирату, өртеу және қарулы шабуыл салдарынан Алматы қаласына алдын ала болжам бойынша 98 млрд теңге шығын келді. Оның ішінде 1592 бизнес субъектісіне 92 млрд теңге залал келтірілген. Күштік құрылымдардың 9 қызметкері қаза болып, 2260-ы дене жарақатын алды.