https://sputnik.kz/20220601/prezident-referendum-okilettiliq-25219312.html
Президент референдум арқылы өкілеттілігін ұзарту мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді
Президент референдум арқылы өкілеттілігін ұзарту мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді
Sputnik Қазақстан
Елде де, шетелде де мемлекет басшысы референдум арқылы президенттік мерзімді алып тастап, өзінің өкілеттілігін ұзартуды көздемей ме деген сұрақтар жиі... 01.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-01T15:09+0500
2022-06-01T15:09+0500
2022-06-01T15:11+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
референдум
https://sputnik.kz/img/07e6/05/18/25031790_0:2:1917:1080_1920x0_80_0_0_9c87c99916baf6639723bc97af601c41.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны өзгерту жөніндегі референдумның мақсаты мен міндеттері жайлы айтты.Президенттің айтуынша, бұл еліміздегі демократиялық дәстүрді нығайтуда маңызды қадам болып саналады.Ол сондай-ақ референдум арқылы өзінің өкілеттілігін ұзартуды мақсат етпейтінін атап өтті."Елде де, шетелде де мемлекет басшысы референдум арқылы президенттік мерзімді алып тастап, өзінің өкілеттілігін ұзартуды көздемей ме деген сұрақтар жиі қойылады. Мұндай ниет болған емес, болмайды да. Ұсынылған саяси модернизация туралы бағдарлама мазмұны жағынан өте ауқымды. Алайда негізгі мәселе адамның құқығы мен еркіндігін қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға араласуын кеңейтуге, басқару инститтутарының тиімділігін арттыруға аударылып отыр", - деді президент Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессиясында сөйлеген сөзінде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/18/25031790_238:0:1679:1081_1920x0_80_0_0_ceb7223179817ab0a850348f5c05e62b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, референдум
қасым-жомарт тоқаев, референдум
Президент референдум арқылы өкілеттілігін ұзарту мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді
15:09 01.06.2022 (жаңартылды: 15:11 01.06.2022) Елде де, шетелде де мемлекет басшысы референдум арқылы президенттік мерзімді алып тастап, өзінің өкілеттілігін ұзартуды көздемей ме деген сұрақтар жиі қойылады, деді Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны өзгерту жөніндегі референдумның мақсаты мен міндеттері жайлы айтты.
Президенттің айтуынша, бұл еліміздегі демократиялық дәстүрді нығайтуда маңызды қадам болып саналады.
Ол сондай-ақ референдум арқылы өзінің өкілеттілігін ұзартуды мақсат етпейтінін атап өтті.
"Елде де, шетелде де мемлекет басшысы референдум арқылы президенттік мерзімді алып тастап, өзінің өкілеттілігін ұзартуды көздемей ме деген сұрақтар жиі қойылады. Мұндай ниет болған емес, болмайды да. Ұсынылған саяси модернизация туралы бағдарлама мазмұны жағынан өте ауқымды. Алайда негізгі мәселе адамның құқығы мен еркіндігін қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға араласуын кеңейтуге, басқару инститтутарының тиімділігін арттыруға аударылып отыр", - деді президент Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессиясында сөйлеген сөзінде.