https://sputnik.kz/20220601/pavlodar-oblysy-akim-oqiga-25213232.html
Павлодар облысында 7 адам уланып өлді: аудан әкімі оқиғаның жай-жапсарын баяндады
Павлодар облысында 7 адам уланып өлді: аудан әкімі оқиғаның жай-жапсарын баяндады
Sputnik Қазақстан
Олар шаруа қожалығынан ішуге болмайтын сұйықтықты ұрлаған болуы мүмкін, деді Аян Бейсекин 01.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-01T12:30+0500
2022-06-01T12:30+0500
2022-06-01T12:30+0500
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/15/18189596_96:0:2304:1242_1920x0_80_0_0_03896b9fb1b1ec218c59a0125db7bc93.jpg
ПАВЛОДАР, 1 маусым – Sputnik. Павлодар облысында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин жеті адамның улану себебін баяндады.Алдымен аудан басшысы қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Айтуынша, көз жұмған тұрғындардың барлығы ішімдікке салынған. Олардың баспанасы болғанымен, отбасынан бөлек тұрған. Басым көпшілігі шаруа қожалықтарында жұмыс істеген.Алдын ала мәлімет бойынша тұрғындар дүкеннен сатып алынған немесе қолдан жасалған спирттік ішімдіктен уланбаған."Олар шаруа қожалығынан ішуге болмайтын, тек ауылшаруашылық мақсатында пайдалануға арналған сұйықтықты ұрлаған болуы мүмкін. Қожалық қызметкері сұйықтықты алып шығып, таныстарымен бірге ішкен", – деп атап өтті спикер.Сондай-ақ Ертіс ауданының басшысы тергеу жұмыстарының соңын күтуге шақырып, қайғылы оқиғаның мән-жайын баяндайтынын жеткізді.Sputnik Қазақстан хабарлағандай, Ертіс ауданының жеті тұрғыны танысының үйінде белгісіз сұйықтықты ішкен соң уланып, ауруханада көз жұмған. Сұйықтық құйылған барлық ыдыс тәркіленді. Ішіндегі қалдықты тексеруге сараптама тағайындалды.
https://sputnik.kz/20220529/pavlodar-oblysy-adam-ulany-25147655.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/15/18189596_372:0:2028:1242_1920x0_80_0_0_eb4d236dd3b9353a7785a77324e5a792.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы
Павлодар облысында 7 адам уланып өлді: аудан әкімі оқиғаның жай-жапсарын баяндады
Олар шаруа қожалығынан ішуге болмайтын сұйықтықты ұрлаған болуы мүмкін, деді Аян Бейсекин
ПАВЛОДАР, 1 маусым – Sputnik. Павлодар облысында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин жеті адамның улану себебін баяндады.
Алдымен аудан басшысы қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Айтуынша, көз жұмған тұрғындардың барлығы ішімдікке салынған. Олардың баспанасы болғанымен, отбасынан бөлек тұрған. Басым көпшілігі шаруа қожалықтарында жұмыс істеген.
"Өкінішке қарай, зардап шеккендердің басым бөлігі – тұрмысы нашар адамдар. Отбасынсыз өмір сүріп, ішімдікке салынған", – деді Аян Бейсекин.
Алдын ала мәлімет бойынша тұрғындар дүкеннен сатып алынған немесе қолдан жасалған спирттік ішімдіктен уланбаған.
"Олар шаруа қожалығынан ішуге болмайтын, тек ауылшаруашылық мақсатында пайдалануға арналған сұйықтықты ұрлаған болуы мүмкін. Қожалық қызметкері сұйықтықты алып шығып, таныстарымен бірге ішкен", – деп атап өтті спикер.
Сондай-ақ Ертіс ауданының басшысы тергеу жұмыстарының соңын күтуге шақырып, қайғылы оқиғаның мән-жайын баяндайтынын жеткізді.
Sputnik Қазақстан хабарлағандай, Ертіс ауданының жеті тұрғыны танысының үйінде белгісіз сұйықтықты ішкен соң уланып, ауруханада көз жұмған. Сұйықтық құйылған барлық ыдыс тәркіленді. Ішіндегі қалдықты тексеруге сараптама тағайындалды.