https://sputnik.kz/20220601/pandik-olimpiada-syyaqy-25206637.html
Пәндік олимпиада жеңімпаздары сыйақы алады: 94 млн теңге бөлінді
Пәндік олимпиада жеңімпаздары сыйақы алады: 94 млн теңге бөлінді
Sputnik Қазақстан
Олимпиаданың жүзден аса жеңімпазы мен жүлдегеріне конкурстан тыс отандық жоғары оқу орнына бірден қабылдануға гранттар бөлінгенін атап өтті 01.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-01T10:05+0500
2022-06-01T10:05+0500
2023-08-09T16:03+0500
оқушы
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/591/96/5919658_0:41:2017:1175_1920x0_80_0_0_1a1de683081f6a1e18f0e7ae4c9377e5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Халықаралық пәндік олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушылар ақшалай сыйақымен марапатталады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен биыл 94 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Вице-министрдің айтуынша, биыл қазақстандық оқушыларға халықаралық 7 беделді олимпиадаға қатысуға 31 квота бөлінді. Оқушылар шілде-тамыз айларында қатысады.Айтуынша, қазір ережелер мемлекетік органдармен келісіліп жатыр. Айдың соңына дейін толық қабылданады.Сондай-ақ ол халықаралық интеллектуалдық, шығармашылық, спорт Олимпиадаларының жүзден аса жеңімпазы мен жүлдегеріне конкурстан тыс отандық жоғары оқу орнына бірден қабылдануға гранттар бөлінгенін атап өтті.Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап әлеуметтік осал отбасылардан шыққан, үлгерімі төмен 1000 бала алғаш рет дарынды балаларға арналған 134 мектепте оқуға мүмкіндік алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/591/96/5919658_99:0:1854:1316_1920x0_80_0_0_4c038f1773ab1d6b56013ae1f9c10410.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, олимпиада ойындары
оқушы, олимпиада ойындары
Пәндік олимпиада жеңімпаздары сыйақы алады: 94 млн теңге бөлінді
10:05 01.06.2022 (жаңартылды: 16:03 09.08.2023) Олимпиаданың жүзден аса жеңімпазы мен жүлдегеріне конкурстан тыс отандық жоғары оқу орнына бірден қабылдануға гранттар бөлінгенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Халықаралық пәндік олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушылар ақшалай сыйақымен марапатталады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен биыл 94 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, биыл қазақстандық оқушыларға халықаралық 7 беделді олимпиадаға қатысуға 31 квота бөлінді. Оқушылар шілде-тамыз айларында қатысады.
"Алғаш рет республикалық қаражат есебінен осы халықаралық интеллектуалды олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегері, оларды дайындаған ұстаздарға сыйақы беру көзделген. Бұл балаларға ел президентінің үлкен қолдауы. Республикалық бюджеттен 94 миллион теңге бөлінді. Бұл жұмыстардың барлығы 20 тамызға дейін аяқталады, өйткені соңғы олимпиада 17 тамызда өтеді. Бірінші қыркүйекке дейін табыстаймыз", - деді Қаринова үкімет отырысында.
Айтуынша, қазір ережелер мемлекетік органдармен келісіліп жатыр. Айдың соңына дейін толық қабылданады.
Сондай-ақ ол халықаралық интеллектуалдық, шығармашылық, спорт Олимпиадаларының жүзден аса жеңімпазы мен жүлдегеріне конкурстан тыс отандық жоғары оқу орнына бірден қабылдануға гранттар бөлінгенін атап өтті.
Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап әлеуметтік осал отбасылардан шыққан, үлгерімі төмен 1000 бала алғаш рет дарынды балаларға арналған 134 мектепте оқуға мүмкіндік алады.