https://sputnik.kz/20220601/oral-sheneunikter-kezek-pater-25205326.html
Оралда шенеуніктер кезекпен берілетін пәтерлерді таныстарына үлестірген
Оралда шенеуніктер кезекпен берілетін пәтерлерді таныстарына үлестірген
Sputnik Қазақстан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметіне сәйкес, 169 адам кезектен тыс үй алған 01.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-01T09:13+0500
2022-06-01T09:13+0500
2022-06-01T09:13+0500
сыбайлас жемқорлық
пәтер
орал
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913731_0:59:2001:1184_1920x0_80_0_0_3b380298a18d83635182c42794dd851a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Орал қаласында әлеуметтік осал топқа жататын 200-ге жуық адамды баспана кезегінен негізсіз шығарып тастаған. Ал оларға тиесілі пәтерлерді басқаларға берген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Astana TV арнасына сілтеме жасап.Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басқарма басшысының орынбасары Әлия Денизбаеваның айтуынша, кезектен шығарылған жүздеген адамның ішінде жетім балалар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және тағы басқа әлеуметтік осал топтар бар.Шенеуніктердің шарапатына кенеліп, кезектен тыс үй алған 169 адамның кім екені белгісіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметіне сәйкес, пәтерге мұқтаж емес тағы 247 адамға баспана берілген. Ал облыста 1800 жетім үмітін үзбей, үй кезегін күтіп жүр. Олардың ішінде Әсел Антаева да бар. Ол қуықтай бөлмеде үш баласымен он бір жылдан бері тұрады. Сол кезде баспана кезегіне 597-болып тіркелген. Қазір 170-орында тұр."Біз қала әкіміне де, орынбасарларына да бардық. Тұрып жатқан пәтерімізде жағдай жасалмаған, жуынатын жер жоқ. Көріп отырсыз ғой, қызым осы жерде тамақ ішіп, осы жерде сабағына дайындалады. Біздің бөлмеге күн түспейді, сыздан балам жөтеліп, ауырады. Қызымның бүкіл кітабы су болады", - дейді Антаева.Балалар үйінің түлектері "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінде 23-ке дейін тұра алады. Бірақ көбінің жасы әлдеқашан асып кеткен, арасында тіпті 50-ді еңсергендері бар. Өйткені олардың баратын басқа жері жоқ. Сондықтан үй кезегін ондаған жыл күтуге мәжбүр. Бірақ жетімнің несібесіне жармасқан жергілікті шенеуніктер пәтерді ханталапайға салған.Бір қызығы, үйді басқаға берген шенеуніктер тек тәртіптік жазамен құтылуы мүмкін.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913731_108:0:1885:1333_1920x0_80_0_0_5fdbb069f12a5fe5dae7f278945b877b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық, пәтер, орал
сыбайлас жемқорлық, пәтер, орал
Оралда шенеуніктер кезекпен берілетін пәтерлерді таныстарына үлестірген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметіне сәйкес, 169 адам кезектен тыс үй алған
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Орал қаласында әлеуметтік осал топқа жататын 200-ге жуық адамды баспана кезегінен негізсіз шығарып тастаған. Ал оларға тиесілі пәтерлерді басқаларға берген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Astana TV
арнасына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басқарма басшысының орынбасары Әлия Денизбаеваның айтуынша, кезектен шығарылған жүздеген адамның ішінде жетім балалар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және тағы басқа әлеуметтік осал топтар бар.
"Қазіргі кезде кезектен шығарылған барлық азаматтың кезегін қалыпқа келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды. Мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар берілді. Олардың нәтижесі бойынша нақты шаралар қабылданды", - дейді Денизбаева.
Шенеуніктердің шарапатына кенеліп, кезектен тыс үй алған 169 адамның кім екені белгісіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметіне сәйкес, пәтерге мұқтаж емес тағы 247 адамға баспана берілген. Ал облыста 1800 жетім үмітін үзбей, үй кезегін күтіп жүр. Олардың ішінде Әсел Антаева да бар. Ол қуықтай бөлмеде үш баласымен он бір жылдан бері тұрады. Сол кезде баспана кезегіне 597-болып тіркелген. Қазір 170-орында тұр.
"Біз қала әкіміне де, орынбасарларына да бардық. Тұрып жатқан пәтерімізде жағдай жасалмаған, жуынатын жер жоқ. Көріп отырсыз ғой, қызым осы жерде тамақ ішіп, осы жерде сабағына дайындалады. Біздің бөлмеге күн түспейді, сыздан балам жөтеліп, ауырады. Қызымның бүкіл кітабы су болады", - дейді Антаева.
Балалар үйінің түлектері "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінде 23-ке дейін тұра алады. Бірақ көбінің жасы әлдеқашан асып кеткен, арасында тіпті 50-ді еңсергендері бар. Өйткені олардың баратын басқа жері жоқ. Сондықтан үй кезегін ондаған жыл күтуге мәжбүр. Бірақ жетімнің несібесіне жармасқан жергілікті шенеуніктер пәтерді ханталапайға салған.
Бір қызығы, үйді басқаға берген шенеуніктер тек тәртіптік жазамен құтылуы мүмкін.