Қоғам

Белгісіз біреу Назарбаевтың ауылында атыс болып жатқанын хабарлады

© Sputnik / Рамиль СитдиковАрхив фото
Архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2022
Жазылу
Хабар алысымен полицияның жеке құрамы Шамалған ауылына аттанды
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Алматы облысында телефон арқылы Шамалған ауылында атыс болды деп жалған хабар берген адам ұсталды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 31 мамырда Қарасай ауданының полициясына Шамалған ауылында бір топ ер адам бір-біріне оқ жаудырып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Хабар алысымен полицияның жеке құрамы Шамалған ауылына аттанды. Алайда ақпарат жалған болып шықты.
Тәртіп сақшылары жалған хабарлама жолдаған адамды анықтады. Ол - 36 жастағы жергілікті тұрғын.
Айтуынша, Шамалған ауылына бет алған ол бір топ адамның жиналып тұрғанын байқаған. Олардың тұрысы күдікті болып көрінген соң полицияға атыс туралы хабарлаған. Алайда полиция оның асқан сақтығына сенбеді. Ер адамның ішімдік ішкені де анықталды.
Оған қатысты әкімшілік шара қолданылатын болады.
Жаңалықтар
0