Мұхамедиұлының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетесіз бе – Абаев жауап берді

© Photo : Национальный музей КазахстанаҚазақстанның Ұлттық музейі
Қазақстанның Ұлттық музейі - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2022
Жазылу
Ұлттық музей басшылығы 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінген Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетесіз бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Егер ол іс менің кезімде жасалса, мен отставкаға кетуге дайынмын. Ал оның қашан жасалғанын Антикордан сұрау керек", - деді Дәурен Абаев үкімет кулуарында.
Дәурен Абаев биыл үкімет отставкасынан кейін 11 қаңтарда мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.
Еске салсақ, Ұлттық музей басшылығы "Алтын адамның әлем музейлері шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт аясында 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
28 мамырда сот санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды.
Бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің қамауға алынатынын білген соң тамырын кескені туралы сыбыс тарады. Бірақ оның баспасөз хатшысы экс-министрдің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын жоққа шығарып, шенеуніктің аяқ жарақатына байланысты ауруханаға түскенін айтқан.
Жаңалықтар
0