https://sputnik.kz/20220601/europa-ukrainaga-qomaqty-qaryz-beredi-25247043.html
Еуропа Украинаға қомақты қарыз береді
Еуропа Украинаға қомақты қарыз береді
Sputnik Қазақстан
Ресейге көзқарасы мен Украинадағы геосаяси дағдарысты бағалаудағы ұстанымына қатысты Еуроодақтың бірлігі туралы өткір ойлары аясында Италияның министрлер... 01.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-01T19:37+0500
2022-06-01T19:37+0500
2022-06-02T17:17+0500
еуропа
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/501/84/5018465_0:257:2731:1793_1920x0_80_0_0_e4b95e5d1b2fd94a2e470e0e799da65d.jpg
Ресейге көзқарасы мен Украинадағы геосаяси дағдарысты бағалаудағы ұстанымына қатысты Еуроодақтың бірлігі туралы өткір ойлары аясында Италияның министрлер кабинетінің басшысы Марио Драги кереғар пікір білдірді. Ол "қауымдастықтағы барлық дерлік ірі мемлекет Украинаның Еуроодаққа мүшелікке кандидат ретіндегі мәртебесіне қарсы" екенін мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.Драгия Goldman Sachs мекемесінде еуропалық бағытқа жауап берді, ал кейіннен Италияның Орталық банкіне және Еуропа Орталық банкіне жауапты болды. Сондықтан Драгидің сөзінен Украинаны одаққа мүше етіп, онымен тең дәрежеде сөйлесетін күн әлі екенін аңғаруға болады.Бұл шиеленісті біршама бәсеңдету мақсатында Брюссель Украина билігі сұратқан қаражатты беруге келісті. Киев режимі "агрессорға төтеп беру үшін" ай сайын шамамен бес миллиард еуро қажет екенін айтты. Ал Брюссель жалпыеуропалық валютамен тоғыз миллиард беретінін мәлімдеді. Сондықтан алдағы екі айда Киевте өзінің ішкі бюджеттік міндеттерін орындау мүмкіндігі туады. Әйткенмен, еуропалықтар бұл миллиардтар қайтарымсыз берілген қаражат емес, кредиттік ресурс екенін ескертті. Түсінікті тілмейн айтқанда, Киевке қарызға ақша берді. Ұзақ мерзімге және шағын процентпен қарыз берді.Брюссель осы орайда "Кремль энергия тасымалдағыштарды сату арқылы тауып отырған жоғары табыстан айыру мақсатында" танкермен тасымалданатын мұнайға эмбарго енгізетін болды. Еуропа алдағы жарты жылдың ішінде теңіз арқылы жеткізілетін қара алтыннан бас тартуы керек.Екі негізгі еуробюрократ – фон дер Ляйен мен Мишель осы туралы хабарлаған соң,м Лондон биржасындағы мұнай бағасы өсе бастады. Мұнай брокерері үшін қуанышты бұл жаңалықпен қатарласа тағы бір дерек белгілі болды: Украинаны, үдеріс пен демократияны қолдауға жан салмай жатан еуроаймақ елдерінде инфляция сегіз проценттік шектен асп кетті. Бұл әзірше тек орташа көрсеткіш. Себебі украин азаттығын жақтаушы Литвада ақша шамамен 17 процентке құнсызданады деп күтіліп отыр."Біріккен Еуропа Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін қабылдап жатқан кезде ресейлік шикі мұнай сауданың жаңа нарығын тапқаны белгілі болды. Өткен жылмен салыстырғанда, Үндістан Реседден импортталатын мұнай көлемін тоғыз есе арттыратынын ресми деңгейде мәлімдеді", - деп жазды РИА Новости.Бұл мәлімдемеден кейін Үндістанға қарсы санкциялар енізу туралы ұсыныс түсті. Алайда тіпті Боррельдің өзі "Еуроодақ соншалық қуатты емес екенін" мойындады. Сондықтан кейбіреулер танкерлерді сақтандырудан бас тартуы үшін сақтандыру компанияларына қысым көрсету әдісін айтты. Бұл Мальта мен Грекияға ұнай қоймағаны анық. Себебі Онассис пен Ниархос замамынан бері танкер және мұнай тасымалдау аталған екі елдің мемлекеттік кірісінің негізгі құрауышы.Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан бұл жағдайда өз дегенінен қайтпайтынын дәлелдеді. Орталық еуропалық либералдардың қысымына қарамастан, венгр премьері өз сайлаушыларының үмітін ақтады."Үкімет еліміздегі отбасыларға берген уәдесінде тұрып, Еурокомиссияның орыс мұнайын Венгрияда қолдануға тыйым салу әрекетіне тоқтау бола алды", - деп жазылған Орбан мәлімдемесінде.Ресейге қарсы кезекті санкциялар пакеті Ресей билігіне қатысы бар тағы сексен адамға қатысты шектеу қарастырылды. Сонымен қатар, банктерді "десвифтизациялау". Яғни, еуропалықтар негізінен халықаралық операцияларға аса тәуелді емес банктерді SWIFT жүйесінен ажыратады. Сондай-ақ, Ресейдің өз пікірі мен көзқарасын білдіруге мүмкіндік бермеу мақсатында біріккен аймақта ресейлік мемлекеттік телеарналардың жұмысына тыйым салу мақұлданды."Кезектен тыс жиында экология мен экономиканы "жасылдандыру" мәселесі де талқыланды. Алайда бұл тақырыпты дизайнерлік аспашамдармен безендірілген және үлкен кондиционерлермен желдетіліп жатқан кең бөлмеде көпцилиндрлі автокөліктері бар азаматтар талқылағаны қызық. Олардың пікірінше, велосипед пен самокатқа қарапайым халық қана көшуі керек пе? Өйткені антиресейлік санкцияларды негізінен халықтан алшақ, шынайы өмірде не болып жатқанынан бейхабар лауазымды тұлғалар енгізіп жатыр", - деп жазылған материалда.
https://sputnik.kz/20220331/qazaqstan-europa-odagy-sauda-23860332.html
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/501/84/5018465_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_543df1950fc08de0079e63e8f082b6ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропа
Ресейге көзқарасы мен Украинадағы геосаяси дағдарысты бағалаудағы ұстанымына қатысты Еуроодақтың бірлігі туралы өткір ойлары аясында Италияның министрлер кабинетінің басшысы Марио Драги кереғар пікір білдірді. Ол "қауымдастықтағы барлық дерлік ірі мемлекет Украинаның Еуроодаққа мүшелікке кандидат ретіндегі мәртебесіне қарсы" екенін мәлімдеді, деп жазды
РИА Новости.Драгия Goldman Sachs мекемесінде еуропалық бағытқа жауап берді, ал кейіннен Италияның Орталық банкіне және Еуропа Орталық банкіне жауапты болды. Сондықтан Драгидің сөзінен Украинаны одаққа мүше етіп, онымен тең дәрежеде сөйлесетін күн әлі екенін аңғаруға болады.
Бұл шиеленісті біршама бәсеңдету мақсатында Брюссель Украина билігі сұратқан қаражатты беруге келісті. Киев режимі "агрессорға төтеп беру үшін" ай сайын шамамен бес миллиард еуро қажет екенін айтты. Ал Брюссель жалпыеуропалық валютамен тоғыз миллиард беретінін мәлімдеді. Сондықтан алдағы екі айда Киевте өзінің ішкі бюджеттік міндеттерін орындау мүмкіндігі туады. Әйткенмен, еуропалықтар бұл миллиардтар қайтарымсыз берілген қаражат емес, кредиттік ресурс екенін ескертті. Түсінікті тілмейн айтқанда, Киевке қарызға ақша берді. Ұзақ мерзімге және шағын процентпен қарыз берді.
Брюссель осы орайда "Кремль энергия тасымалдағыштарды сату арқылы тауып отырған жоғары табыстан айыру мақсатында" танкермен тасымалданатын мұнайға эмбарго енгізетін болды. Еуропа алдағы жарты жылдың ішінде теңіз арқылы жеткізілетін қара алтыннан бас тартуы керек.
Екі негізгі еуробюрократ – фон дер Ляйен мен Мишель осы туралы хабарлаған соң,м Лондон биржасындағы мұнай бағасы өсе бастады. Мұнай брокерері үшін қуанышты бұл жаңалықпен қатарласа тағы бір дерек белгілі болды: Украинаны, үдеріс пен демократияны қолдауға жан салмай жатан еуроаймақ елдерінде инфляция сегіз проценттік шектен асп кетті. Бұл әзірше тек орташа көрсеткіш. Себебі украин азаттығын жақтаушы Литвада ақша шамамен 17 процентке құнсызданады деп күтіліп отыр.
"Біріккен Еуропа Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін қабылдап жатқан кезде ресейлік шикі мұнай сауданың жаңа нарығын тапқаны белгілі болды. Өткен жылмен салыстырғанда, Үндістан Реседден импортталатын мұнай көлемін тоғыз есе арттыратынын ресми деңгейде мәлімдеді", - деп жазды РИА Новости.
Бұл мәлімдемеден кейін Үндістанға қарсы санкциялар енізу туралы ұсыныс түсті. Алайда тіпті Боррельдің өзі "Еуроодақ соншалық қуатты емес екенін" мойындады. Сондықтан кейбіреулер танкерлерді сақтандырудан бас тартуы үшін сақтандыру компанияларына қысым көрсету әдісін айтты. Бұл Мальта мен Грекияға ұнай қоймағаны анық. Себебі Онассис пен Ниархос замамынан бері танкер және мұнай тасымалдау аталған екі елдің мемлекеттік кірісінің негізгі құрауышы.
Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан бұл жағдайда өз дегенінен қайтпайтынын дәлелдеді. Орталық еуропалық либералдардың қысымына қарамастан, венгр премьері өз сайлаушыларының үмітін ақтады.
"Үкімет еліміздегі отбасыларға берген уәдесінде тұрып, Еурокомиссияның орыс мұнайын Венгрияда қолдануға тыйым салу әрекетіне тоқтау бола алды", - деп жазылған Орбан мәлімдемесінде.
Ресейге қарсы кезекті санкциялар пакеті Ресей билігіне қатысы бар тағы сексен адамға қатысты шектеу қарастырылды. Сонымен қатар, банктерді "десвифтизациялау". Яғни, еуропалықтар негізінен халықаралық операцияларға аса тәуелді емес банктерді SWIFT жүйесінен ажыратады. Сондай-ақ, Ресейдің өз пікірі мен көзқарасын білдіруге мүмкіндік бермеу мақсатында біріккен аймақта ресейлік мемлекеттік телеарналардың жұмысына тыйым салу мақұлданды.
"Кезектен тыс жиында экология мен экономиканы "жасылдандыру" мәселесі де талқыланды. Алайда бұл тақырыпты дизайнерлік аспашамдармен безендірілген және үлкен кондиционерлермен желдетіліп жатқан кең бөлмеде көпцилиндрлі автокөліктері бар азаматтар талқылағаны қызық. Олардың пікірінше, велосипед пен самокатқа қарапайым халық қана көшуі керек пе? Өйткені антиресейлік санкцияларды негізінен халықтан алшақ, шынайы өмірде не болып жатқанынан бейхабар лауазымды тұлғалар енгізіп жатыр", - деп жазылған материалда.