https://sputnik.kz/20220601/elordada-menin-atym-qozha-keyipkerine-arnap-eskertkish-ashyldy-25226303.html
Елордада "Менің атым Қожа" кейіпкеріне арнап ескерткіш ашылды
Елордада "Менің атым Қожа" кейіпкеріне арнап ескерткіш ашылды
Sputnik Қазақстан
"Қожа" повесіндегі кейіпкер – әрбір адамның балалық шағының сүйікті кейіпкеріне айналған. Сол себепті ескерткіш Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашылды 01.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-01T20:41+0500
2022-06-01T20:41+0500
2022-06-01T20:41+0500
елорда тынысы
бердібек сапарбаев
менің атым қожа
ескерткіш
https://sputnik.kz/img/07e6/06/01/25226276_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_70a8a0d86597d53f183b040636e15db8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Елордада балалар жылы аясында Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" шығармасының желісі бойынша басты кейіпкеріне арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.Салтанатты іс-шара қалалық әкімдіктің қолдауымен "Жетісу" саябағында өтті."Қожа" повесіндегі кейіпкер – әрбір адамның балалық шағының сүйікті кейіпкеріне айналған. Сол себепті ескерткіш Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашылды.Ескерткіш ашу идеясының авторы – жазушы Жанболат Аупбаев. Ол қазақ халқының бала тәрбиелеуге ежелден ерекше мән беретінін айта келе, осы бір болмысты бейнелейтін Соқпақбаев повесінің кейіпкеріне монумент орнату жөнінде ойын айтты.Ескерткіштің жалпы биіктігі – 183 см, қоладан және граниттен жасалған. Мүсінші Азамат Талапханның айтуынша, жұмыс үш айға созылды."Маған осы ескерткішті жасау туралы ұсыныс түскен бойда түрлі идеяларды ойластыра бастадым. Ескерткіш арқылы бас кейіпкердің мінезін көрсету, шығарма желісін жеткізу өте маңызды болды. Сонымен, фильмнің есте қаларлық көріністерінің бірін бейнелеу жөнінде шешім қабылдап, Қожаның айна алдында отырған сәтін көрсеттік. Жұмыста айтарлықтай қиындықтар болған жоқ. Ескерткіш жұртқа ұнайды деп үміттенемін", - деді монумент авторы.Жазушының қызы Самал Соқпақбаеваның айтуынша, Қожа есімді кейіпкер ұлттық қаһарманға айналды."Бұл повесть өте әйгілі. Бүгінге дейін жұрт арасында шығарманың үзінділері айтылып келеді. Қожа ұжымдық, ұлттық бейнеге айналды. Кітаптың, фильмнің басты кейіпкері мейірімділігімен, батылдығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ерекшеленеді. Қожа ұлттың болмыс-бітімін бойына сіңіріп өскенін көруге болады. Сондықтан бұл шығарманы халқымыз жақсы көреді. Шығарманың соңы да жақсы аяқталады. Шебер жазылған шығарма дарынды режиссер Абдулла Қарсақбаевтың қолына түсті. Мықты жазушы мен дарынды режиссердің еңбегінің арқасында кинотуынды сол тұстағы бүкіл Кеңес Одағын жаулап алды. Көп ұзамай Канн фестивалінің "Балаларға арналған ең жақсы шетелдік фильм" сыйлығына ие болды. Бұл біздің киноиндустрияның орасан зор жетістігі, ал картина қазақ киноөнерінің алтын қорына енді", - деді жазушының қызы Бердібек Соқпақбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/01/25226276_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_81c2a1d93257d00eb35c1f8c6fa07372.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бердібек сапарбаев, менің атым қожа, ескерткіш
бердібек сапарбаев, менің атым қожа, ескерткіш
Елордада "Менің атым Қожа" кейіпкеріне арнап ескерткіш ашылды
"Қожа" повесіндегі кейіпкер – әрбір адамның балалық шағының сүйікті кейіпкеріне айналған. Сол себепті ескерткіш Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашылды
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Елордада балалар жылы аясында Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" шығармасының желісі бойынша басты кейіпкеріне арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Салтанатты іс-шара қалалық әкімдіктің қолдауымен "Жетісу" саябағында өтті.
"Қожа" повесіндегі кейіпкер – әрбір адамның балалық шағының сүйікті кейіпкеріне айналған. Сол себепті ескерткіш Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашылды.
Ескерткіш ашу идеясының авторы – жазушы Жанболат Аупбаев. Ол қазақ халқының бала тәрбиелеуге ежелден ерекше мән беретінін айта келе, осы бір болмысты бейнелейтін Соқпақбаев повесінің кейіпкеріне монумент орнату жөнінде ойын айтты.
Ескерткіштің жалпы биіктігі – 183 см, қоладан және граниттен жасалған. Мүсінші Азамат Талапханның айтуынша, жұмыс үш айға созылды.
"Маған осы ескерткішті жасау туралы ұсыныс түскен бойда түрлі идеяларды ойластыра бастадым. Ескерткіш арқылы бас кейіпкердің мінезін көрсету, шығарма желісін жеткізу өте маңызды болды. Сонымен, фильмнің есте қаларлық көріністерінің бірін бейнелеу жөнінде шешім қабылдап, Қожаның айна алдында отырған сәтін көрсеттік. Жұмыста айтарлықтай қиындықтар болған жоқ. Ескерткіш жұртқа ұнайды деп үміттенемін", - деді монумент авторы.
Жазушының қызы Самал Соқпақбаеваның айтуынша, Қожа есімді кейіпкер ұлттық қаһарманға айналды.
"Бұл повесть өте әйгілі. Бүгінге дейін жұрт арасында шығарманың үзінділері айтылып келеді. Қожа ұжымдық, ұлттық бейнеге айналды. Кітаптың, фильмнің басты кейіпкері мейірімділігімен, батылдығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ерекшеленеді. Қожа ұлттың болмыс-бітімін бойына сіңіріп өскенін көруге болады. Сондықтан бұл шығарманы халқымыз жақсы көреді. Шығарманың соңы да жақсы аяқталады. Шебер жазылған шығарма дарынды режиссер Абдулла Қарсақбаевтың қолына түсті. Мықты жазушы мен дарынды режиссердің еңбегінің арқасында кинотуынды сол тұстағы бүкіл Кеңес Одағын жаулап алды. Көп ұзамай Канн фестивалінің "Балаларға арналған ең жақсы шетелдік фильм" сыйлығына ие болды. Бұл біздің киноиндустрияның орасан зор жетістігі, ал картина қазақ киноөнерінің алтын қорына енді", - деді жазушының қызы Бердібек Соқпақбаев.