https://sputnik.kz/20220601/densaulyq-maymyl-sheshegin-anyqtay-25211198.html
Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегін анықтайтын тестер жасады
Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегін анықтайтын тестер жасады
Sputnik Қазақстан
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандықтарды осы ауруға қарсы вакциналау туралы ұсыным бермеген 01.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-01T11:57+0500
2022-06-01T11:57+0500
2023-08-09T10:14+0500
денсаулық
маймыл
денсаулық сақтау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/15/15253881_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_57dc069b247363e24f45fd67accde2a5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырған адам жоқ. Десе де денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният азаматтарға Африка елдеріне әзірге саяхаттамауға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министр Қазақстанда маймыл шешегі тіркелмегенін мәлімдеді. Шекараны кесіп өткен барлық адамның дене қызуы тексеріледі. Егер температурасы болса, дереу оқшауланып, жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіледі. Айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандықтарды осы ауруға қарсы вакциналау туралы ұсыным бермеген. Сондықтан бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Министр маймыл шешегі алғаш Африка елдерінен таралғанын, қазір ол жақта жағдай ушығып тұрғанын айтты. "Сол себепті Қазақстан азаматтарына ауру көп тараған елдерге, әсіресе, Африка елдеріне саяхат жасауды шегере тұруға кеңес беремін", - деді ол. Маймыл шешегінің негізгі белгісі – денеде бөртпе пайда болады. Бұған қоса, қызу көтеріліп, бас ауырады, әлсіздік сезіледі.
https://sputnik.kz/20220531/nigeriya-maymyl-sheshegi-25182603.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/15/15253881_549:0:3280:2048_1920x0_80_0_0_0238e6fcbcd7ea82dcc9d7d463820443.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маймыл, денсаулық сақтау министрлігі
маймыл, денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегін анықтайтын тестер жасады
11:57 01.06.2022 (жаңартылды: 10:14 09.08.2023) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандықтарды осы ауруға қарсы вакциналау туралы ұсыным бермеген
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырған адам жоқ. Десе де денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният азаматтарға Африка елдеріне әзірге саяхаттамауға кеңес берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр Қазақстанда маймыл шешегі тіркелмегенін мәлімдеді. Шекараны кесіп өткен барлық адамның дене қызуы тексеріледі. Егер температурасы болса, дереу оқшауланып, жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіледі.
"Екіншісі – біз маймыл шешегін анықтау үшін диагностика дайындадық. Бұл арнайы тестер. Олар осы ауруды анықтауға көмектеседі. Маймыл шешегінің белгілері бар пациенттерді тексереміз", - деді Ғиният үкімет кулуарында.
Айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандықтарды осы ауруға қарсы вакциналау туралы ұсыным бермеген. Сондықтан бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Министр маймыл шешегі алғаш Африка елдерінен таралғанын, қазір ол жақта жағдай ушығып тұрғанын айтты.
"Сол себепті Қазақстан азаматтарына ауру көп тараған елдерге, әсіресе, Африка елдеріне саяхат жасауды шегере тұруға кеңес беремін", - деді ол.
Маймыл шешегінің негізгі белгісі – денеде бөртпе пайда болады. Бұған қоса, қызу көтеріліп, бас ауырады, әлсіздік сезіледі.