Бас прокуратура Алматы әкімдігі алдындағы алаңға мыңдаған адам қалай жиналғанын айтты

© AP Photo / Vladimir TretyakovАлматы әкімдігі
Алматы әкімдігі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2022
Жазылу
4 қаңтар адамдар екі жерге жиналған
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда адамдар мессенджерлердің көмегімен қаланың екі жеріне жиналып, әкімдікке қарай жүрген. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, 4 қаңтар сағат алтыдан кешкі сегіз аралығында адамдар екі жерге жиналған. Біріншісі – Алматы-арена спорт кешені жанына – батыс бөлігінде. Екіншісі – "Халық арена" спорт кешені жанына – шығыс бөлігінде.
"Бұл жерлер логистика тұрғысынан Алматының шалғай аудандарынан азаматтардың келуіне және Алматы облысынан қалаға кіру үшін ыңғайлы. Кешкі сағат тоғызда екі ұйымдасқан топ бір уақытта қала әкімдігіне қарай жүре бастайды. Абай, Төле би көшелерімен жүріп, көптеген адамды өз қатарына қосқан, жолшыбай арматура, таяқтармен қаруланған", - деді ол брифингте.
Топтардың жиналуы мен қозғалысы ватсап және телеграм мессенджерлері арқылы қадағаланған. Санаулы сағат ішінде бір мессенджерге қатысушылар саны 140-тан 5 500 адамға дейін өскен.
"Салдарынан түн ортасында әкімдік алдындағы орталық алаңға қаланың көрсетілген жерлерінен он мыңға жуық адам келді", - деді Қилымжанов.
Бұл кезде бүлікшілер алаңда орналасқан ғимараттарды, мүлікті, соның ішінде тұрақтағы автокөліктерді өртеп, қирата бастаған. Сондай-ақ олар полицейлерге, әскери қызметшілерге шабуыл жасап, жолды жауып, азаматтарды тәртіпсіздіктерге қатысуға шақырған, дүкендерді тонаған.
Жаңалықтар
0