Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Балтық теңізі өңірінде НАТО-ның әскери белсенділігі артты

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЭмблема НАТО
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2022
Жазылу
Солтүстікатлантикалық альянс Балтық өңіріндегі негізсіз эскалацияны жалғастырып жатыр. НАТО-ның ресейлік шекара жанындағы әскери белсенділігі арта берсе, бұл РФ-ның әскери техникамен қарсы жауап қатуына себеп болуы ықтимал, деп жазды әскери шолушы Александр Хроленко.
30 мамыр – 12 маусым аралығында Польша, Литва, Латвия мен Эстонияның қатысуымен НАТО әуе шабуылына қарсы қорғаныстың біріккен әскері Ramstein Legacy 2022 маневрін өткізіп жатыр. Негізгі мақсат – аталған мемлекеттердің әуе кеңістігінде альянстың зымыран атуларын пысықтау, зыммыран шабуылына қарсы қорғаныс аясындағы өзара әрекеттестік. Оған АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Норвегия, Бельгия, Чехия, Румыния, Словакия, Италия, Испания және Түркия елдерінің әскерлері қатысып жатыр.
Сонымен қатар, Швеция аумағында 5-17 маусымда альянсқа мүше 14 елдің, сондай-ақ Финляндия мен Швецияның қатысуымен НАТО-ның Baltic Operations 22 ірі әскери оқу-жаттығуы өтеді. Негізгі міндеттер – десанттық операциялар, артиллериялық ату, су астындағы дрондарды қолдану арқылы сүңгуір қайықтарға қарсы күрес. Ресеймен ықтимал соғысқа дайындалу осы маневрдің белгілі мақсаты болып отыр. Әзірше бейтарап Швецияның дайындығын НАТО әскери комитеті төрағасының орынбасары Ланс Ландрум бақылап қайтты.
Күні кеше өңірде альянстың Defender Europe ең ірі маневрі (26 мамыр), Namejs 2022 әскери маневрлерінің көктемгі кезеңі (27 мамыр) және Балтық теңізі акваториясындағы әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығулары (30 мамыр) аяқталды. Бұған дейін америкалық Center for Naval Analyses талдау орталығы Калининград облысына "басымды соққы берудің" сценарийін жариялады.
Маневр мен НАТО стратегиясының мақсаты – әскери қақтығыстың басында ресейлік Қарулы күштерді мейлінше қатты әлсірету. Алайда мұндай соққы дайындау кезінде Ресей тарапы да қарап қалмасы анық.
Еуропа көшбасшылары Украинадағы жағдайдан сабақ алып отырған жоқ. Олар тіпті НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюі қақтығыстың бірінші кезектегі себебі болғанын ұғынбай отыр. Еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель "Украинадағыдай соғыста Еуроодақ небәрі екі апта ғана қарсылық таныта ала ма деп" алаңдайтынын жеткізді", - деп жазды Хроленко.
Боррель Еуроодақтың біріккен армиясын құруға шақырды. Тең әрі бөлінбейтін қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін бұл ескі идеяның болашағы жоқ. Себебі НАТО күштері мен дамыған ұлттық армиялар ондаған жылдар бойы Грекия мен Түркияға Эгей теңізіндегі даулы аралдарды бөлуге немесе демилитаризациялауға құлшыныс танытпай келеді. Сондықтан Еуроодақтың жаңа армиясы аса тиімді болатыны үлкен күмән тудырады.
Германия канцлері Олаф Шольц "НАТО-ға мүше елдер арасында Еуропадағы ең ауқымды дәстүрлі армия" құруға уәде берді. Ал альянстағы еуропалық елдерде бүгінде барлығы екі миллионға жуық әскер бар: Германия армиясы (184 мың адам), британдар (194 мың) және италиялықтар (170 мың). Ал Пентагон мен НАТО әскерилері 2021 жылдың тамызында Ауғанстаннан қалай шұғыл кеткеніне бүкіл әлем куә болды. Сондықтан армия саны мен тиімділігі арасында тікелей байланыс жоқ деп пайымдауға болады.
АҚШ армиясының Еуропадағы саны 100 мың адамға жетті. Ескі әлемдегі америкалықтардың үш жүзге жуық әскери базасы мен нысаны бар: Германияда – 123, Италияда – 49, Ұлыбританияда – 22, Түркияда – 14, Румынияда – 6, Польша мен Венгрияда – 4, Словакияда – 2, Эстония, Грузия және Латвияда – 1. Алайда бұл тізім толық емес. Сондықтан Еуропада қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін әскер емес, сауатты қолбасшы мен стратегия қажет.
"Альянстың аумағы кеңеюі оның қуатын арттырмайды, керісінше, қақтығыс ықтмалдылығын күшейтеді. Бейтарап Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүше болуға асығуы олардың шындығында жоқ проблеманы шешуге талпынысын аңғартады", - деп жазды Хроленко.
Оның пікірінше, бұл мүшелік Еуропада жаңа қақтығысқа себеп болуы мүмкін. Пентагон қазірдің өзінде-ақ Фтнляндияда ресейлік шекараға жақын маңда әскери юаза орналастыру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.
"Ресей де жедел әрекетке көшті. Батыс әскери округте шұыл түрде 12 жаңа әскери бөлімше құрылып жатыр. Бұл зымыран полкі ме, танк бригадасы ма, жоқ әлде әуе-десанттық әскер ме, ол жағы белгісіз. АҚШ-пен тікелей қақтығыс туындаса, Ресей альянсқа ірлегес орналасқан елдердің аумағыағы барлық әскер нысандарды жжоюға мәжбүр болады", - деп түйіндеді ол.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0