Ақтөбеде із-түзсіз жоғалған 9 жасар бала элеватордағы астық қоймасынан табылды

© Pixabay / Zachary Keagle Элеватор
Элеватор - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Ақтөбеде тоғыз жасар бала қараусыз қалған элеватордағы астық қоймасына құлап кетті, деп хабарлады "Мой город"порталы.
Жоғалған бала туралы хабарлама Ақтөбе полициясына 30 мамыр күні сағат 23:31-де түскен. 2013 жылы туған бала сағат 17.00-де Жанқожа батыр көшесіндегі үйдің ауласынан жоғалып кеткен.
Баланы учаскелік полиция қызметкерлері қараусыз қалған элеватор ғимаратындағы тереңдігі 10 метрдей бидай қоймасынан тауып алды. Ол ауыр жағдайда болған.
Бала Ана мен баланы қорғау орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды.
Жаңалықтар
0