https://sputnik.kz/20220531/toqaev-qugyn-surgin-asharshylyq-25184844.html
Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына құран бағыштады
Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына құран бағыштады
Sputnik Қазақстан
Мешітке президентпен бірге бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да барды 31.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-31T09:16+0500
2022-05-31T09:16+0500
2022-05-31T09:54+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
құран
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25183891_0:643:853:1123_1920x0_80_0_0_b18d18a81a3fc3c74310b3ec9781dd71.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына құран бағыштады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мешітке Тоқаевпен бірге бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да барды. Екеуі жалпы залда отырды. Осыдан кейін мемлекет басшысы "1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" монументіне гүлшоғын қою рәсіміне қатысты. Президент ескерткішке гүлшоғын қойып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті. Шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары да қатысты.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліміне сәйкес, 1921-1954 жылдары "халық жауларын анықтау" саясаты салдарынан Қазақстанда 100 мың адам сотталды, олардың 25 мыңы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілді. Миллиондаған қазақстандық 1932-33 жылдары ашаршылықтың құрбаны болды. Республика аумағында ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері – АЛЖИР, Степлаг пен Карлаг болды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерлеріне 5 миллионнан астам адам жер аударылды. Кейбір мәліметтер бойынша, тұтқындардың жалпы саны бұл саннан едәуір көп. 1930-1940 жылдары миллиондаған кеңес азаматы Қазақстанға депортацияланды.1937 жылдың күзінде республикаға жүздеген мың кәрістер, түріктер, ирандықтар, күрдтер мен әзербайжандар қоныс аударды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында елге неміс, грек, шешен, ингуш, қарашай, балқар, қырым татарлары және басқа да халықтар жер аударылды. Олардың жалпы саны - 1 миллион 200 мыңның шамасында.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25183891_0:563:853:1203_1920x0_80_0_0_87aba1a7b115af6db65dcfaddb05a86e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, құран
қасым-жомарт тоқаев, құран
Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына құран бағыштады
09:16 31.05.2022 (жаңартылды: 09:54 31.05.2022) Мешітке президентпен бірге бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да барды
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына құран бағыштады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мешітке Тоқаевпен бірге бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да барды. Екеуі жалпы залда отырды. Осыдан кейін мемлекет басшысы "1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" монументіне гүлшоғын қою рәсіміне қатысты.
Президент ескерткішке гүлшоғын қойып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті. Шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары да қатысты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліміне сәйкес, 1921-1954 жылдары "халық жауларын анықтау" саясаты салдарынан Қазақстанда 100 мың адам сотталды, олардың 25 мыңы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілді. Миллиондаған қазақстандық 1932-33 жылдары ашаршылықтың құрбаны болды.
Республика аумағында ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері – АЛЖИР, Степлаг пен Карлаг болды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерлеріне 5 миллионнан астам адам жер аударылды. Кейбір мәліметтер бойынша, тұтқындардың жалпы саны бұл саннан едәуір көп. 1930-1940 жылдары миллиондаған кеңес азаматы Қазақстанға депортацияланды.
1937 жылдың күзінде республикаға жүздеген мың кәрістер, түріктер, ирандықтар, күрдтер мен әзербайжандар қоныс аударды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында елге неміс, грек, шешен, ингуш, қарашай, балқар, қырым татарлары және басқа да халықтар жер аударылды. Олардың жалпы саны - 1 миллион 200 мыңның шамасында.